Сабақ: Қазақ тілі
|
Мектеп: № 158 орта мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Кетепова Жаухар
|
Сыныбы: 6 «Б»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Күрделі сөздерден өткенді қайталау
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
|
Оқушыларға күрделі сөздер жайлы ұғындыру. Күрделі сөздің мағынасына қарай төртке бөлінетінін, жасалу жолын түсіндіру.
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Барлық оқушылар істей алады:
Төменгі сыныпта күрделі сөздерден өткен материалдарын еске түсіріп, сөздерге талдау жасап, сөйлем құрап, білімдерін кеңейтіп, түрлерімен танысады.
|
|
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Оқушының тіл байлығы артады,шығармашылық қабілеттері шыңдалады, сөйлеу мәнері, азаматтық бейнесі қалыптасады.
|
|
Кейбір оқушылар істей алады:
Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады. Әр түрлі әдістер арқылы белсенділік, көшбасшылық қабілеттері айқындалады. Сыни ойлау дағдылары дамиды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: қос сөздер, қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер, тіркесті сөздер, сөз тіркесі, біріккен сөздер т.б
|
|
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Балалар сөз тұлғасы нені зерттейді?
Түбір дегеніміз не?
Қосымша дегеніміз не?
Біріккен сөздер дегеніміз не?
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|
Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?
|
|
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:
Менің ойымша, .....
Мен былай толықтырар едім ........
Маған қиын болды.........
Мен орындай алдым .......
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Сөз тұлғасын біледі. Күрделі сөздерді мағынасына қарай ажырата алады.
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақта орындалатын іс - әрекеттер
|
Ресурстар
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
3 мин
|
Топқа біріктіру
Сәлемдесу. Сынып ішінде түстер үйлесімділігіне байланысты
жағымды атмосфера қалыптастыру. Күрделі сөздерді таңдау арқылы топқа біріктіру.
Сыныпты 4 топқа біріктіру. 1 - топ «Біріккен сөздер» тобы, 2 - топ «Қос сөздер» тобы , 3 - топ «Қысқарған сөздер» тобы, 4- топ «Тіркесті сөздер» тобы
Сабақ мақсатын анықтау жетістік критерийімен таныстыру.
Күрделі сөздер туралы білетін боламын.
Күрделі сөздердің мағынасына қарай бөлінетінін түсіне аламын.
Сөйлем ішінен талдай аламын және таба аламын.
|
Түрлі-түсті қағазар қимасы, плакат, желім
|
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1 мин
|
-Балалар өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
|
Слайд, ақын портреті
|
5 мин
|
ІІІ. «Ойлы сұрақ - ұтымды жауап» әдісі
Оқушылардың үйге берілген тапсырма бойынша білімдерін жинақтау мақсатында әр топқа сұрақтар қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек.
І топ: Кім жылдам? (ауызша)
Төмендегі сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі сөздер екенін ажыратып айтыңдар.
Арқар, арқан, арқар мүйіз, аспан, аспаз, аспан көк, асқазан, асығып-аптығу, астан-кестен, дәнекер, жолсерік, жылы ұшырау, көркемөнерпаз, қара бүлдірген, қара күрең, қара торы, жомарт, дәреже
ІІ топ:
Төмендегі сөздердің қайсысы қос сөздер? Қайталама ма әлде қосарлама ма? Ауызба – ауыз, жөн- жөнімен, құрт –құмырсқа, киім- кешек, ата- ана, кескін - келбет,зу- зу, алуан- алуан, оқи-оқи, жүре- жүре.
ІІІ топ:
Төмендегі сөздердің қайсысы біріккен сөздер? Шекара, отандық, Екібастұз, көлбақа, жезтырнақ, аумалы- төкпелі, мәдениет сарайы, алтын сағат, шаңсорғыш.
ІV топ: Төмендегі сөздерден қысқарған сөздерді табыңдар?
Кеңшардан қаладағы элеваторға астық тасып жатқан кез.
ҚБТУ –ға талапкерлер көп жиналды. Олар 20 км – ден астам жүрді.
Сұрақтарға ұтымды жауап берген оқушылар мадақтау арқылы бағаланады.
|
Жұмыс дәптері, маркерлер, интерактивті тақта
|
ІV. Мағынаны тану
«Ой қозғау»
13 мин
|
Мен үйге ақын Күрделі сөздердің жасалу жолын түсініп келіңдер дегенмін.
-Олай болса,түсініп келдік па?
-Нені біліп келдік?
-Нені оқып келдік?
-Дара сөз дегеніміз не?
-Күрделі сөз дегеніміз не?
ІV Топтық жұмыс
«Еркін жауап» әдісі
Оқушылар топтаса отырып, түрлі әдістер арқылы дара және күрделі сөздерге постер қорғайды.
І топ: «Біріккен сөздер» тақырыбына «Тұжырымдамалық карта»
ІІ топ: «Қос сөздер»
ІІІ топ: «Қысқарған сөздер» « Семантикалық кесте»
ІV топ «Тіркесті сөздер»
Бақылаушының бақылау парағы
|
Көшбасшы
|
Баяндамашы
|
Уақыт сақшысы
|
Хатшы
|
Бақылаушы
|
Өз міндеттерін атқаруы
|
|
|
|
|
|
Берілген тапсырма
ны орындауы және орындауғабелсене араласуы.
|
|
|
|
|
|
|
Үлестірмелі парақшаларплакат, маркер, жұмыс дәптері, интернет материалда
ры
|
Жұптық жұмыс
10 мин
|
V. «Ойлан, жұптас, талқыла!»
Зейініңді зерттеп зерделеу мақсатында 1 - жұп (Біріккен сөздер)
Қонақ...
...асы
...бақан
ақ...
...аралық
мүшел...
(үй,қонақ,алты,сүйек,халық,той )
(Қос сөздерге)
Сөздерді толықтыр.
Дәрі –
Бұрын –
төмен
Ата –
Дос –
-кеш
- кешек
Әзіл –
Сый –
( дәрмек, соңды, жоғары, ана, жаран, ертелі, киім, оспақ, сияпат)
Дайын үлгі жауап арқылы бағалау.
2 - жұп «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі бойынша балалар өздеріне. (Қысқарған сөздерге)
Сөйлемді қысқартыңдар.
Тәуелсіз Мемлекеттер достығы, Алматы педагогика университеті, Кәсіптік техникалық колледж, Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі, Қазақтың телеграф агенттігі, Машина трактор станциясы, Санитарлық эпидемиялық станция, Жылу электрлік станциясы. Тіркесті сөзге үш- төрт мысал келтіріңдер.
1.Дайын үлгі жауап ақылы бағалау.
|
5 - сыныпқа арналған әдебиет оқулығы, жұмыс дәптері, маркерлер
Жұмыс дәптері
|
VІ. Ой толғаныс кезеңі
Жеке жұмыс
5 мин
|
Дәптермен
Мына қос сөздерді пайдалана отырып, өлеңді әңгімеге айналдырып жазыңдар.
Ертелі – кеш, қызылды – жасылды, ұшан – теңіз, қатар – қатар, анда – санда, жеміс-жидек,
Саяжайда алма бағы өседі,
Жапырағы жыбырлап
Күнмен сәлемдеседі.
Жайнауын – ай өзінің,
Жаңбырдан соң кешегі.
Атам маған арнап тіккен ағаш бұл,
Тұңғыш рет гүлдерін де жаңа ашты.
Қатар өскен ағаштардың ішінде
Көбелектер бір – бірінен адасты.
Ағаштардың көлеңкесі – қол шатыр.
Күн тимейді,ығына кеп қанша тұр.
Ағаш егіп,терін төгіп құлшынған
Бір атамның басында ғой сонша ақыл.
( Т.Мұратұлы )
Дайын үлгі жауап арқылы бағалау
|
Жұмыс дәптері
Түсіндірме сөздік
|
VІІ.Сабақты қорытындылау
5 мин
|
«Бірге табайық .....»
Жұмбақ
Тарбаң – тарбаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған.
(Тасбақа )
Сап сары көйлегі,
Қап – қара түймелі.
Көрсетер сүйгенін
Басының игені.
( Күнбағыс )
Қайсысы тіркесті сөздер?
Ақсүйек, күні бойы, ауыл шаруашылығы, мәдениет сарайы, алуан – алуан, ата – ана, ыдыс – аяқ, Көкшетау, темірқазық, белбеу, Екібастұз, бидай өңді, ұзын бойлы.
|
Жұмыс дәптері
|
Үйге тапсырма
1 мин
|
Күрделі сөздерге сөйлем құрау, мақал – мәтел, жұмбақтар жазу.
|
|
Кері байланыс
2 мин
|
Рефлексия «Инсерт» әдісі
Нені ұқтым?
|
Нені білдім?
|
Қандай болу керекпін?
|
|
|
|
|
Стикер, маркер, плакат
|
Бағалау. Жетістік критерийі. Әр оқушы сабақ кезеңдері бойынша оқу мақсатына жеткенін өздері бағалайды, жұмыс дәптерлерін жинап алып жауаптарын растаймын.
|
Қосымша ақпарат
|
Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-ны қолдану
Құндылықтармен байланыс
|
Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді.
Нәтижені саралау. Ерекше дарынды баланы сабақ басында бағалаушы ретінде тағайындап, баға береді.
Белсенділігі төмен: Егер топ ішінде талқылауға ынтасы жоқ бала болса, ол оқушы суреттер салуға көмектеседі
|
Әр топ өз ішінде ерекше көзге түскендер мен белсенділік танытпағандарды ескере отырып, бақылаушылардың бақылау парақшасындағы жетістік критерийлері арқылы бағалайды.
|
Интернет желісі, кітапхана, қазақ тілі пәні.
Топпен жұмыс істеу дағдылары, топ оқушылары арасындағы ынтымақтастық, бірін-бірі тыңдау.
|
Рефлексия
Сабақ мақсаттары, оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |