Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация. Сабақтың мақсаты: а білімділік: Жаңа тақырып бойынша алған блімдерін өздігінен кез



бет1/4
Дата28.06.2017
өлшемі0,49 Mb.
#20171
түріСабақ
  1   2   3   4
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебі

АХАНОВА БАТИМА

Физика пәні мұғалімі, әдіскер.



Десант сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Жаңа тақырып бойынша алған блімдерін өздігінен кез-

келген жағдайда пайдалана білуге үйрету;

Б) Дамытушылық: Оқушының даму жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға

ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру;

В) Тәрбиелік: Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты

екендігін көрсету, балаларды еңбектене, іздене білуге

баулу;

Сабақ түрі: Десант сабақ



Сабақтың көрнекілігі мен техникалық құралдар: интерактивті тақта, пласталин, шар, таразы, серіппе, сызғыш, сағат, мензурка, термометр;

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, салбаққа дайындығын тексеру, сынып тазалығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

А) «Кім тапқыр?» сайысы

Тест сұрақтары



  1. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама

А) Заттың тығыздығы;

В) Дененің массасы;

С) Дененің көлемі;


  1. Заттың тығыздығын табатын формула

А) m=pV;

B) V=m/p;

C) p=m/V;


  1. тығыздықтың өлшем бірлігі.

А) кг;

В) кг/м3;

С) м3;


  1. Ұзындығы 8 см, ені 5 см, қалыңдығы 3 см алтын кесегінің көлемі қандай?

А) 120 см3;

В) 100 см3;

С) 150 см3;


  1. Бір қалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтайтын формула.

А) v=S/t;

B) S=v∙t;

C) m=pV;


  1. 72 км/сағ неше м/с-қа тең?

А) 10 м/с;

В) 20 м/с;

С) 15 м/с;


  1. Аспан денелерінде және олардыңжүйелерінде өтетін құбылысты зерттейтін ғылым.

А) физика;

В) астрономия;

С) география;


  1. Заттың неше күйі болады?

А) 2;

В) 4;


С) 3;

  1. 1 кг – да неше грамм бар?

А) 1000 гр;

В) 100 гр;

С) 0,001 гр;


  1. Қазақстанның алғашқы ғарышкері кім?

А) Талғат Мұсабаев;

В) Юрий Гагарин;

С) тоқтар Әубәкіров;

Б) «Кім білгір?» сайысы.
Өлшеу құралдарының атын атап, атқаратын қызметтерін айту.


  1. Термометр;

  2. Сызғыш;

  3. Сағат;

  4. Мензурка;

  5. Таразы;

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Білегі күшті бірді жығады,

білімі күшті мыңды жығады».



«Көптің күші – бірлікте».




Каталог: uploads -> doc -> 0328
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0328 -> Пән: География Топ: 15
0328 -> Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция Жумашева Меруерт Жанабековна, математика пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет