ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру. Күш деп бір дененің екінші бір денеге механикалық әсерін сипаттайтын және осы әсердің өлшемі болатын векторлық физикалық шамасын айтады.
“Күш ” деген терминнің денелерің өзара әсерлесуімен байланысты екенін және оның сандық мөлшері екенін есте ұстаған жөн.Ньютонның атымен Халықаралық бірліктер жүйесінде күштің өлшем бірлігі – ньютонмен өлшенеді.
Дененің массасы – оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады. Денелер жүйесінің массасы оны құрайтын денелердің массаларының қосындысына тең болады, яғни m = m 1 + m2 +……+m п.Өлшем бірлігі килограмм, грамм 1кг деп алынған. Денеге бірдей күш түсірілген жағдайда денелердің алатын үдеуі олардың массаларына кері пропорционал болатындығын байқаймыз . Яғни әрқашан а ~ 1/m болады. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса , белгілі бір күш әрекетінен ол соғұрлым аз үдеу алады. Дененің үдеуі мен оған әрекет етуші күш арасында Ғ ~ а ( m= const кезінде ) және кез келген дененің үдеуімен оның массасының арасында а ~ 1/m ( Ғ= const болғандағы ) байланыс болса , онда механиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңы былайша тұжырымдалады: