Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал: а = F/m
осы соңғы өрнек Ньютонның екінші заңының формуласы
IIІ.«Жүйрік болсаң жетіп көр» Күш. Масса. Ньютонның екінші заңына есептер шығару І деңгей 1)Егер m 1 = m2 = 2кг , ал Ғ = 12Н болса , онда денелер қандай үдеумен қозғалады? 2)Массасы 1 кг денеге Жер қандай күшпен әсер ететінін есептеңдер. 3)Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті әрекетінен 2м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде , ол қандай үдеу алады? 4)60Н күш денеге 0,8 м/с 2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с 2 үдеу бере алады? 5)Реактивті ұшақтың массасы 60т қозғалтқышының тарту күші 90 кН болса , ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалады ? ІІ деңгей 1) Массасы 5кг дене 15 м\с 2 үдеумен вертикаль құлауы үшін оған қандай күш әрекет ету керек ? 2) Жеңіл автокөлігінің массасы 2т, ал жүк автокөлігінің массасы 8т . Жүк автокөлігінің тарту күші жеңіл автокөлігінің тарту күшінен екі есе артық, олардың үдеулерін салыстырыңдар. 3)1.5 м/с² жылдамдықпен үдейтін массасы 600 кг машинаға әсер ететін тең әсерлі күшті есептеңіз. ІІІ деңгей Ғ күшінің әсерімен массасы m-ге тең дене а үдеумен қозғалады. Кестені толтырыңдар.