Сабақтың тақырыбы Квадрат түбірдің жуық мәні. Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата24.04.2017
өлшемі0,49 Mb.
#14539
түріСабақ
  1   2   3
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Машрапова Жазира Сейфуллақызы

Алгебра пәнінен 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы

Квадрат түбірдің жуық мәні.

Сабақтың мақсаты

Квадрат түбірдің мәнін жылдам есептеуге, оның жуық мәнін калькулятор, кесте және ежелгі вавилондық тәсілмен таба білуге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы дағдыландыру.

Міндеттері

-есептерді жылдам шығарту,

-квадрат түбірдің жуық мәнін калькулятор, кесте және ежелгі вавилондық тәсілмен жылдам есептеу,

-әлеуметтік қарым-қатынасқа түсуге бағыттап, бірлескен жұмыс жасау.


Қолданылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сын тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.

Оқыту әдістері

Топтық, жұптық, БББ моркировкасы, интерактивті тапсырмалар, «Өрмекшінің торы», диалогтық оқыту, INSERT.

Дерек көздері

Мұғалімге арналған нұсқаулық; Шыныбеков Ә.Н. ЖББМ 8-сыныбына арналған оқулық, 2012; Әдістемелік дидактикалық материалдар жинағы, Электрондық оқулық. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау

Ресурс

тар

Ұйымдастыру

2 мин


Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққадайындығын қадағалау.

Топқа бөлу үшін оқушыларға конфеттер тарату. Оқушыларға өзін-өзі бағалау парақтары беріледі.



Сабаққа әзірленеді. Қолдарынан ұстап, бір-біріне жақсы тілек тілейді, «конфеттер» арқылы топқа бөлінеді.

«Жарайсыңдар» формативті

бағалауы.



Конфеттер

І. Қызығушылықты ояту

8 мин.


Үй жұмысына берілген есептердің дұрыс жауаптарын интерактивти тақтадан көрсету.

Квадрат түбір туралы тарихи мәліметтерді сұрау.



  • Балалар, «Квадрат түбірлер» туралы не білеміз?

БББ кестесінің «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толтыруды сұрау.

Үй жұмысын тексереді. Тарихи мәліметтерді айту(реферат, слайд арқылы) әр тапсырманы орындағанда өзін-өзі бағалау парақтарына тиісті бағасын қою.

Кесте толтырады



Білемін

Білгім келеді

Білдім

Санның ариф.кв.түбірін табуды, т.б.

Санның жуық кв.түбірін табуды...







«Бағдаршам» формативті

бағалауы.





Түрлі түсті қағаз, кестелер,

ІІІ. Мағынаны тану

25 мин


-Тақырып қандай болады деп ойлайсыңдар?

Тақырып және оның мақсатымен таныстыру. Электронды оқулықтан «Квадрат түбірдің жуық мәні» тақырыбын беру. Бұл тақырыпта калькулятор, кесте арқылы, ежелгі Вавилондық тәсіл, яғни формуласын қолданып есептеуді түсіндіреді.

-Тақырып барлығымызға түсінікті ме? Ендеше, 1-топ: «калькулятор арқылы», 2-топ: «ежелгі Вавилондық» тәсіл арқылы, 3-топ: арнайы кесте арқылы квадрат түбірдің жуық мәнін қалай табуға болатыны туралы постер дайындап, қорғау керек.


Бүгінгі тақырыпты дәптерге жазады.Тақырып мазмұнын мұқият тыңдайды, кесте, калькулятор, ежелгі вавилондық тәсіл арқылы квадрат түбірдің жуық мәнін табуды меңгереді, көрсетілген мысалдарды дәптерлеріне жазады.

Оқушылар «Бағдаршам» түстерін көрсетеді, сол арқылы түсінгендіктерін, не сұрақтары бар екндігін білдіріп, айтып отырады.

Оқушылар топпен жұмыс жасайды.


«Бағдаршам» формативті

бағалауы.



Электронды оқулық, интербелсенді тақта, түрлі түсті қағаз, ватман, кестелер

Сергіту сәті «Қамажай»

Оқушылар билеп, сергіп қалады.




Бейне-ролик

1-тапсырма (калькулятор пайдаланып) Интерактивті тапсырма беру, (электронды оқулықтың интерактивті тапсырмаларынан 8 –тапсырмасы)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет