Сабақтың тақырыбы: Күз келді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет60/163
Дата16.01.2020
өлшемі31,97 Mb.
#55945
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   163
Байланысты:
3-орыс сыныбы қазақ тілі қмж-1


Сабақтың ортасы

30 мин


(Ұ, МК) 1-кезең. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу.

Мен тәртіпті баламын

Мен тәртіпті баламын, Шкафтарды ашпаймын,

Айтқан тілді аламын. Кітаптарды шашпаймын.

Апам нанға кеткенде, Текшелерден үй жасап,

Үйде ойнап қаламын. Қызық ойын бастаймын.
Дескриптор:

1. Өлеңді мәнерлеп, шолып оқиды.

2. Тірек сөздерді, өлеңнің негізгі ойын анықтайды.

3. Өлеңнің бос орындарына керекті сөздерді қойып оқиды.

4. Еске сақтауға арналған сұрақтарға жауап береді:

- өлең қалай аталады?

- «-мын» деген жалғау неше рет кездеседі?

- апасы нанға кеткенде қайда қалады?

- неден үй жасайды?

- ол қандай бала?


(Ж)2-кезең. Оқушылар сұраққа жауап беріп, диаграмманы толтырады, қорғайды, бірнеше жұптардың жауаптары тыңдалып «Бас бармақ» әдісімен бағаланады.


(Т)3-кезең. Оқушылар түстер бойынша үш топқа бөлінеді. «Бинго» ойыны арқылы тақтада жасырынған ұяшықтарды таңдайды, сұрақтарға жауап береді.

1. Сенің досың қандай?

2. Ол ата-анасына көмектесе ме?

3. Жалқаубек қандай?

4. Ол бөлмесін жинай ма?

5. Әлібек пен Марат қайда барады?

6. Әлібек – қандай бала?

7. Әлібектің кітаптары қандай?

8. Әнел қайда жиі барады?

9. Әнел ақылды ма?

10. Қадиша – қандай қыз?

11. Мырзабек – қандай бала?

12. Нұрай – қандай қыз?

Кері байланыс: Топтар бір-бірін ұпай санымен бағалайды.
Сергіту сәті «Айна»

Қатысушылар жұптарға бөлініп, бір-бірінен қол созым арақашықтықтағы жерде қарама-қарсы қарап тұрады. Өзара бірі-А, екіншісі-Б болып бөлінеді. А қатысушы қандай да бір қимыл жасайды, ал Б қатысушы сол қимылды айнадағы кескінше қайталап көрсетеді.



(Ө)4-кезең. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазады.

Мен тәртіпті бала..., айтқан тілді ала.... Менің дос... ауылда тұрады. Қуыршақтарымды ертең жинай... . Тағаны жерден ал... .



Тиісті жалғаулар: - мын, - ым, - дым.

Бағалау:қабылдау деңгейі жоғары оқушылар, дұрыс-бұрыстығын тексереді.

(Т, МК)5-кезең. Берілген сөздерді пайдаланып, өлеңнің мазмұны бойынша жай және құрмалас сөйлемдер құрайды.

Тәртіпті, еріншек, жалқау емес, ақылды, ренжімейді, шашпайды, тілді алады, жаайды.



Үлгі:Ол тәртіпті бала.

Ол тәртіпті бала, себебі апасының тілін алады.

Мұғалім жазбаша комментарий беру арқылы бағалайды.
(Ө, Т)6-кезең. «Коллаж әңгімесі»

Орындау барысы:«Менің досым» деген тақырыпта оқушылар постерге коллаж жасайды, содан соң бұл коллажды пайдаланып әңгіме құрайды, басқа топтармен таныстырады. Постерді дайындау барысында алғырлық, эстетикалық талғам мен қиялдау қабілеттері дамиды.

«Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.


7-кезең. Алақай, қазына!!!!

Бұл кезеңге келгенде мұғалім оқушылардың белсенділігін мадақтап, жолдағы кедергілерден сүрінбей өтіп, қазынаға жеткендерін айтады және қазынадағы құнды ақпаратпен таныстырады.



Мақал-мәтелдер

Жақсының аты өлмейді, жаманның хаты өлмейді.

Жақсы адам жолдасынан белгілі.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.


















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет