АКТ қолдану дағдылары
|
PowerPoint таныстырылымы, Activestudio(activeboard) мүмкіндіктерін қолдану
|
Бастапқыбілім
|
Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 минут
|
Қызығушылықты ояту – 3 минут
Өлеңдерді қалпына келтіру
Оқушыларға төмендегі өлеңнің әр жолы жеке-жеке қиылып, таратылады. Берілген өлең жолдарын біріктіру барысында оқушылар 3 топқа бірігеді әрі тарау бойы өтілген жаңа сөздерді еске түсіреді. Сондай-ақ үй тапсырмасын да қамтиды.
«Бәйтерек» - сәні қаланың.
Түрлеген оның алаңын.
Аялайды «ағашты»
Сарыарқаның самалы.
Көктөбе – көркем, көрікті,
Табиғатына тамсанам.
Ол жерден түгел көрінер
Алматы шамы самсаған.
Бұл – үлкен сарай.
Қызығады талай.
Мұнарасы биік
Тұр аспанға тиіп.
Суреттермен жұмыс – 2 минут
Бұл не? Ал мынау қай ғимарат? Саған қай ғимарат ұнайды? Саған ше? Неге?
Сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың тақырыбы жарияланады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут
|
№1 слайд
+
өлең жолдары жек-жеке жазылған қағаз қиындылары
№2 слайд
//
суреттер
№3 слайд
|
Сабақтың ортасы 28 минут
2 минут
8 минут
8 минут
10 минут
|
Жаңа сөздермен жұмыс
Оқулықтың 116-бетінде берілген ескі,тұрғын сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіледі: мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды. 116-беттегі суретті сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
1-тапсырма (116-беттегі 1-тапсырма). Мәтінді тыңдап, сұрақтарды қалпына келтіру
Оқушылар үнтаспадан мәтінді тыңдайды. Әрі қарай:
Әр топ мұғалім бөліп берген 1 сұрақты қалпына келтіріп жазады да, сұрақты келесі топқа қояды.
Келесі топ өздеріне берілген сұраққа жауап береді де, өз сұрағын 3-топқа қояды.
3-топ өздеріне қойылған сұраққа жауап береді де, өз сұрағын 1-топқа қояды.
Сұрақтар мен жауаптарды бағалау «Жасыл, сары, қызыл фишкалар» арқылы жүргізіледі, яғни топтар бір-біріне тек сұрақ қойып қана қоймай, әр топтың сұрақтары мен жауаптарын да бағалайды. Мұндағы: «жасыл» - «өте жақсы», «сары» - «жақсы», «қызыл» - «орташа».
2-тапсырма (117-беттегі 2-тапсырма). Берілген суреттерді тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша орналастырып, мазмұндау
Оқушылар назары оқулықтағы суреттерге (117-бет, 2-тапсырма) аударылады. Тапсырманы орындау жолы түсіндіріледі. Оқушылар топтарда суреттерді мәтін мазмұнына сәйкес реттейді де, мазмұнын топта 1 рет айтып шығады. Осы дайындыққа 4 минут, әр топтың мазмұндауына 1 минут, жалпы бағалауға 1 минут берілетіні ескертіледі. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |