(Т) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
Оқушылар шағын 3 топқа бөлінеді. Диаграмманы толтырып «Жаман»деген сөзді сипаттайды, өз пікірлірен дәлелдейді.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады, мұғалім комментарий беру арқылы кері байланыс береді.
Сергіту сәті: «Кім жылдам?» ойыны.
Бір оқушы қалған оқушыларға: «Не жақсы?» немесе «Не жаман?» - деп, допты лақтырады. Допты қағып алған оқушы сұраққа тез жауап беруі керек.
(Т) Оқылым. Айтылым.
Оқушылар мәтінді шолып (танысу мақсатында) оқиды.
Жалқаубек – жалқау бала. Ол сабақ оқымайды. Киімдерін шашып тастайды. Оның бөлмесі лас.
Әлібек жалқау емес. Ол сабақты жақсы оқиды. Оның бөлмесі таза. Ол еріншек емес.
«Венн диаграммасы» арқылы сұраққа жауап береді: Жалқаубек қандай? Әлібек қандай? Екеуін салыстырмалы түрде сипаттайды.
Кері байланыс:«Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Жасыл түс – жеңіл болды
Сары түс – ойландырды
Қызыл түс – қиын болды
Жазылым.
(Ө) «РАФТ» әдісі бойынша оқушылар суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады.(сурет оқулықтың 42 бетінде берілген). Әр оқушы өз атынан Жалқаубекке хат жазады.
Р (рөл)- өзім
А (аудитория) – Жалқаубек
Ф (форма) – хат
Т (тақырып ) – «Жалқау болма!»
Тірек сөздер: ойлан, жалқау болма, еңбектену керек, жақсы оқу керек, ата-анаңды тыңда, ақылды, үлгілі бол.
Дескриптор:
- суретті қолданып, мәтін құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
- жалғауларды дұрыс байланыстырады.
Таныстырылым № 5
Жалқау
Ерке
Жаман
Таныстырылым № 6
Таныстырылым № 7
Таныстырылым № 8
Таныстырылым № 9
Таныстырылым № 10
Таныстырылым № 11
Таныстырылым № 12
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |