Сабақтың тақырыбы: Күз келді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет46/258
Дата12.12.2023
өлшемі32,03 Mb.
#196521
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   258
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ барлыгы

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, суреттер бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады, суреттердің көмегімен мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, мәтін құрастыруда сөйлемдегі грамматикалық нормаларды, сөздердің орын тәртібін сақтайды, өз пікірімен толықтырады.

Бағалаукритерийлері

- тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
- мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады;
- суреттердің көмегімен мәтін құрастырады.

Тілдік мақсат

Жалқау, ерке, жаман, таста

Жіктік жалғау, «емес» болымсыздық көмекші сөз
Мен жалқау+мын/Мен жалқау емес+пінМен ерке+мін

Құндылықтарды дарыту

Жаман әдет-дағдылардан аулақ болуды түсінеді.

Пәнаралықбайланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолданудағдылары

PowerPoint таныстырылымы

Бастапқыбілім



ІІ бөлім. «Жақсы» деген немене? № 1

Сабақтыңбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланғаніс-әрекет





Ресурстар

Сабақтың басы
(5 мин)

Психологиялық жағымды ахуал тудыру: «Жылулық шеңбері»
Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірімен амандасады, жылы тілектерін айтады.



Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!




Оқушылар суреттер арқылы сабақтың тақырыбы мен мазмұнын болжайды.



Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін;
- мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтамын;
- суреттердің көмегімен мәтін құрастырамын.

Таныстырылым № 2

Таныстырылым № 3


Таныстырылым № 4

Сабақтың ортасы
(30 мин)

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Жалқау, ерке, жаман, таста.
Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттері арқылы меңгереді, сөйлемдер құрастырады.



Жаңа сөз

Мағынасы жақын сөз

Мағынасы қарама-қарсы сөз

Жалқау

Еріншек

Еңбекқор

Ерке

Тотай

Ерке емес

Жаман

Нашар

Жақсы



Жалқау бала сабаққа кешігіп келеді. Мен жалқау емеспін. Мирас - еркебала, ол ойыншықтарын шашып тастайды. Жаман әдеттен аулақ болу керек.


(Ұ) Грамматикалық қоржын.
Оқушылар екі қатарға бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Кезектесіп сөз орамдарына жалғауларды дұрыс байланыстырып айтады.
І қатар ІІ қатар
Мен жалқау+мын Жоқ, мен жалқау емес+пін
Сен жалқау+сың Жоқ, сен жалқау емес+сің
Сіз жалқау+сыз Жоқ, сіз жалқау емес+сіз
Ол жалқау Жоқ, ол жалқау емес.

Енді рөлдерімен ауысады.


Мен ерке+мін Жоқ, мен ерке емес+пін


Тыңдалым.
Тыңдалымалды сұрақтар:
* Жалқау бала деп кімді айтамыз?
* Жалқау болу жақсы әдет пе, жаман әдет пе?
Таныс емес сөздерге түсініктеме беріледі.


(Ұ) Тыңдалым тапсырмасы.
Оқушылар мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды. Суретті пайдаланып (оқулық, 40 бет), мәтіннің мазмұнын айтып береді.
Жалқаубек – жалқау бала. Ол өте ерке. Түске дейін ұйықтайды. Бөлмесіндегі заттарды шашып тастайды. Ата-анасының тілін алмайды.


Дескриптор:
- мәтінге тақырып қояды;
- мәтінді мазмұндайды;
- суретке сүйенеді;
- мазмұндау барысында тілдік нормаларды сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   258




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет