Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Күні:
Сынып: 3
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтақырыбы
|
Жылдың төрт мезгілі
|
Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары
|
3.1.4.1тыңдаған мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретіна нықтау
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы:
Төрт жыл мезгілі туралы ертегімен таныстыру, оқыған ертегісі туралы әңгімелей алуға үйрету.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған мәтіндегі оқиғалардың ретін анықтайды, сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтін бойынша өз ойын білдіреді, оқиғалар ретін анықтайды, сөйлеу барысында сөздерді дұрыс қолданады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
|
Бағалаукритерийлері
|
-тыңдаған мәтінніңтақырыбын, оқиғалар ретін анықтайды;
-сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады.
|
Тілдік мақсат
|
Көтер, қоқыс, таста
|
Етістіктің болымсыз түрі
Көтер – көтер+ме, таста-таста+ма
|
Құндылықтарды дарыту
|
Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.Жұпта жұмыс жасау барысында ұйымшылдыққа, бірлікке үйренеді.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Өзін-өзі тану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
PowerPoint таныстырылымы
|
Бастапқы білім
|
І бөлім.
|
Сабақтыңбарысы
|
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
|
Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(5 мин)
|
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сенім аралы»
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтауға болады: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.
Үй жұмысын тексеру «Шеңбер бойымен әңгімелеу»
Оқушылар шеңбер бойынан кетпей тұра береді. Мұғалім 1 оқушыға үй тапсырмасын әңгімелеуді бастауды тапсырады. (өткен сабақтағы оқылым мәтіні) бірінші сөйлемді айтады. Екінші сөйлемді келесі оқушы жалғастырып айтады. Осылайша шеңбер бойымен мазмұндау жалғаса береді.
Оқушылар қысқа бейнефильм көру арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- тыңдаған мәтіннің тақырыбын, оқиғалар ретін анықтаймын;
- сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданамын.
|
Таныстырылым № 2
Таныстырылым № 3
Жерге қоқыс тастама!
https://www.youtube.com/watch?v=9JSGpD2W3Es
1:58
Таныстырылым № 4
|
Сабақтың ортасы
(30 мин)
|
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту:
. Бір жылда он екі ай бар. Мен сендерге он екі айды бөліп беремін. Қыс үш айды. Көктем үш ай алады. Жаз үш ай алады. Күз үш ай алады.
Ал енді бізге жыл мезгілдері туралы тақпақ айтып береді, тыңдайық.
Қыс
Алақай, алақай,
Қуанды балақай!
Күз ауды,
Қар жауды
Құс кетті,
Қыс кепті.
Дала қар күтеді,
Жаңа жыл жетеді.
Көктем
Қар ериді, жаңбыр
жауады,
Найзағай жарқылдап, жел
соғады.
Гүлдер шығып, құстар
келіп,
Көктемде бәрі мәз
болады.
Жаз
Мәз болды, балақай
Жаз келді, алақай!
Күн ұзақ күйдірді
Түн аз-ақ кідірді.
Жайдары келді жаз,
Көлдерде жүзді қаз.
Күз
Алақай, алақай,
Шаттанды балақай.
Береке – салты күз
Мереке – алтын күз!
Жаңа сөздермен танысу
Ерте, ерте, ертеде – давным –давно
Жыл ақсақал – дедушка Год
Бөліп беремін - разделю
Ериді – тает
Бәйшешек – подснежник
|
Достарыңызбен бөлісу: |