Бос уақыт
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
3.3.8.1 Мұғалімнің көмегімен сөздіктер мен анықтамалықтарды қолдана отырып жіберілген қателерді түзету және мәтінді жетілдіру
|
Сабақтың мақсаттары
|
Өз демалыстарын сипаттауға үйрету.
Сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастыру;
Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету
|
Жетістік критерийлері
|
Білім алушылар:
Өз бос уақытын сипаттай алады;
-берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді ойлап таба алады;
-мағынасы қарама-қарсы сөздерді сабақта қолдана алады;
- оқушылардың сыни ойлауы қалыптасады;
сөздерді пайдалана отырып, қысқа жазба/мазмұндама жазады.
|
Сөздік қор
|
Қос әйнек, түзер, ағайынды.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Өзге пікірге сыйластықпен қарауға тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыстар
|
Сезім мүшелері туралы әңгіме жүргізу барысында «Ғылымға кіріспе» пәнімен байланыс жүзеге асырылады.
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Оқушылар сөздің ұйқасын табуға жаттыққан
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
(Ұ) Сабақты « Сөйлемдегі сөздердің байланысы» қайталаудан бастау. Ол үшін «Жұбыңды тап» ойынын ұсыну. Ойынға алынатын сөздер: кітап, мектеп, клуб, добы, жібі, қорабы. Қайталаудан соң сабақтың мақсатына ауысу.
«Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:
1.Лексика деген не, қай тілден шыққан?
2.Сөздің қандай мағыналары болады?
3.Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
4.Көп мағыналы сөз бен омонимнің
айырмашылығы, ұқсастығы.
5.Синоним. Анықтамасы. Мысал келтір.
|
|
Сабақтың ортасы
|
Бос уақытым
Біздің мектепте өте жақсы білім береді. Соған қоса мектепте әр түрлі үйірмелер бар. Сабақ біткесін оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Қыздардың көбі «Табиғат достары» үйірмесіне жазылды. Бүгін олар өз қолдарымен аквариум жасады.
Ал ұлдар футболға қатысады. Айжан мен Орал музыка үйірмесіне жазылды. Осы үйірме жақында ашылды. Біздің мектептегі өміріміз өте қызықты. Әрқайсымыз сабаққа да, үйірмелерге де белсене қатысып отырамыз.
Мен Асқар досыммен бірге «Математика әлемінде» атты үйірмеге қатысамын. Бұл үйірмеге біз сейсенбі және жұма күндері барамыз. Үйірме өз жұмысын тура сағат үште бастайды. Асқар екеуміз жуықта өткен математикалық викторинаға қатысып, жүлделі орынға ие болдық.
Топтық жұмыс
|