Диалогпен жұмыс. (Диалогтің ережесін еске түсіру. Берілген диалогты жұппен ортаға шығып оқу, өздері бос уақытқа қатысты диалог құру)
Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
Диалогта сұрақ – жауап, қарсы сұрақ, сөйлеушілердің көңіл күйі, реакциясы болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және ұзын болуы мүмкін.
Диалогта келесі айтылғандар орын алады:
Сөйлемдерді аяқтамау;
Сөздің орнына қимыл, мимика қолдану;
Диалог оқу
1.- Әсем, қазір қолың бос па?
- Иә, боспын. Неге?
- Мен бассейнге барамын. Барасың ба?
- Барамын.
- Онда қазір бізге кел.
- Жақсы. Кездескенше.
-Кездескенше
-Сабақта не үйрендіңдер?
«Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану.
• Мен түсіндім – жасыл түс;
• Мен сенімді емеспін – сары түс;
• Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?