(Ұ)Қызығушылықты ояту. «Көңілді таспа» ойыны. Оқушылар «Ақсақ құлан» аңызы бойынша бір сөйлемнен айтып, таспаға тіркеледі. Таспаға қосыла алмаған оқушы барлық сөйлемдерді қайталап шығады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
- Оқушылар қазір барлығымыз тақтаға назар аударайық.
Тақтада бейнетаспа көрсетіледі.
- Оқушылар, біз кім туралы көрдік.
-
|
|
Сабақтың ортасы
7 мин
10 мин
3 мин
5 минут
|
(МК) Сөз сыры. Оқушылар берілген тірек сөздерді қолданып, мәтіннің не туралы болатынын болжайды. Жаңа сөздердің мағынасын ашады. Өздігінен мәтін құрастырып көреді.
Тапсырманың мақсаты - оқушылардың айтылым дағдысын, сыни ойлауын дамыту, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
«Жақсының аты өлмейді демекші» елімізде көптеген мектептер ашылды, ерлігін насихаттауға арналған орталықтар, мұражайларашылып, көшелерге аты берілді бұл ердің атының ұмытылмайтындығын білдіреді.
Сонымен қатар 2007 жылдан бері елімізде « Бауыржан Момышұлы» атындағы нөмірленген Құрмет белгісі беріліп келеді.
Батырдың 95, 100 жылдықтарына орай « Батыр шапағаты» деген медаль беріліп жүр. Бұл медальмен батырдың жақсы көретін күйлерін шебер орындаушы, жас күйші Мұрагер Сауранбаев марапатталды.
Батыр бейнесі ( слайдта суреттері көрсетіледі)
Баукеңнің қай суретіне қарасаңда, оның қөз жанарының оттай өткір, баданадай үлкен екенін байқайсың. Көз көргендердің айтуынша соғыс кезінде немесе ашуланған кезде бұл көздер найзағайдың отындай жарқылдаған. Бұл – Бауыржан батырдың ең басты ерекшелігі. Бет әлпеті сұсты, маңдайы кең, шашы тікірейген қайратты, фото суреттерінде қос иығын қомдап, ұшуға дайын отырған қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді. Қатулы сәтінде оған қарсы сөз айтпақ түгілі көзіне тіке қарау мүмкін емес. Мінезі тік.
Жалған сөйлейтін, жасанды мінез көрсететін жандарға қаһарын төгіп, бірден меселін басып тастайды. Ал енді әңгімесі жарасқан, көңілі түскен кісіге жайдары, жанашыр, ақкөңіл мінез танытады. Бала көрсе маңдайынан сипап, бауырына тартатын балажан. Әрбір уақытты есептеп жүреді. Жас кезінен кітапты көп оқыған, үлкендерді сыйлаған, білімділердің сөзін құлақ қойып тыңдаған. Өз ұлты мен оның тілін, дәстүрін жанындай сүйген.
|
Достарыңызбен бөлісу: |