Батырдан қалған асыл сөз
Баукең өзінің жазушылық қасиетіне былайша баға берген: « Мен әскери маманмын, әдебиетке соғыстан кейін келдім. Өте шебер жазушымын деп мақтанбаймын. Бірақ шындықты айтқан, дәл берген, бір жағы мемуарист, бір жағы деректі, нақтылы нәрселерді қағазға түсіріп отыратын жазушымын.» ендігі кезекті батыр бабамыздан қалған асыл сөздерге кезек берейік.
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындық. Мирас
Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін. Бекзат
Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып, қырдан аса алмайсың. Ырысбай
Қазақ тілі… өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді….қысылтаяң қатал жағдайда қайрап, егеп « сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге , елге медет болады. Нұрсат
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту. Рзабек
Кейбір ұл- қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата- ана кінәлі. Шерхан
Отбасының өнегесі- Отан өнегесі. Мұхтархан
Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік жігіттің қасиеті. Асқар
(Ж) Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді оқып, мәтіндегі ақпаратты кестеге орналастырады. Жұптар шағын топтарға бірігіп, жұмыстарын салыстырады, тексереді. Топтан бір жұмысты сынып алдына шығарады.
Тапсырманың мақсаты - оқушылардың мәтінмен жұмыс жасай алу дағдысын дамыту.
Кері байланыс.
"Полюстер" арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Мәтінді толық түсіндім.
Маған жұпта жұмыс жасау ұнайды.
(Ө) «Дұрыс/бұрыс» Оқушылар мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтайды, өз ойларын дәлелдейді.
Дескриптор:
мәтін мазмұнына сәйкес келетін сөйлемдерді анықтайды;
мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін сөйлемдерді анықтайды.
|
|
Сабақтың соңы
8 мин
|
«Пайыздық көрсеткіш» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.
25% 50% 100%
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |