Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы:
Оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен мәтін құрастырады, сөздерді дұрыс байланыстырып жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтінніңжанрынажыратады, тірек сөздер бойынша мәтін құрастырады, өз бетінше жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, тақырып бойынша өз ойын білдіреді, өз бетінше мәтін құрастырады.
|
Бағалаукритерийлері
|
- оқыған мәтіннің жанрын анықтайды;
- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырады;
- жіктік жалғауларды дұрыс қолданады.
|
Тілдік мақсат
|
Апар, ереже
|
Жіктік жалғаулары
Мен апара+мын, біз апара+мыз
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Өзін-өзі тану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Таныстырылым
|
Бастапқы білім
|
ІІ бөлім. Еріншектің ертеңі бітпес № 6
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(5 мин)
|
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Сенім аралы»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Оқушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын ұстайды. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.
Үй жұмысын тексеру:
Оқушылар еріншектік, жалқаулық туралы мақал-мәтелдер айтады:
Жалқаудың жауы - жұмыс.
---
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
---
Еріншектің ісі — екі.
---
Жалқауға күнде той.
Кері байланыс: Оқушыларжауабын қорытындылап, еріншек, жалқау болмауға шақыру.
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. (Тақтада оқушылардың тілінебейімделген оқу мақсаттары жазылады)
- оқыған мәтіннің жанрын анықтаймын;
- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын;
- жалғауларды дұрыс қолданамын.
|
Таныстырылым № 2
Еріншектік, жалқаулық туралы мақал-мәтелдер
https://www.zharar.com/kz/makal/7616-laziness.html
https://www.youtube.com/watch?v=vCvoGjEwv7A
Таныстырылым № 3
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |