Сабақтың ортасы 28 минут
9 минут
8 минут
11 минут
|
Жаңа сөздермен жұмыс
Оқулықтың 114-бетінде берілген бәйтерек, биіктігі, самұрық құс сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіледі: мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.
1-тапсырма (оқулықтың 113-бетіндегі 1-2-тапсырмалар). Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп жазу
«Кім жылдам?» ойыны
Мәтінді аудиодискіден тыңдату
Сұрақтарға жауап алу
Тірек сөздерге сүйеніп, тыңдаған мәтіннің мазмұнын жазу
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.
2-тапсырма (оқулықтың 115-бетіндегі 3-тапсырма).
1)Диалогті рөлдерге бөліп оқу
2)Тірек сөздерді пайдаланып, диалогті жалғастыру
ТІРЕК СӨЗДЕР: орналасқан, ұқсайды, оның төбесінде
Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы орындалады.
3-тапсырма (оқулықтың 115-бетіндегі 5-тапсырма).
Оқушылар смартфонның немесе компьютердің көмегімен ғаламтордан берілген сұрақтарға жауап іздеп табады. Сұрақтарға сүйеніп ақпараттық мәтін құрастырып жазады. Бағалау дескриптор арқылы орындалады.
СҰРАҚТАР:
«Бәйтерек» кешені қайда орналасқан?
Ол неге ұқсайды?
Оның төбесінде не бейнеленген?
«Бәйтерек» кешені қашан салынған?
Оның сәулетшісі кім?
Дескриптор:
Қажетті ақпараттарды тапты.
Сұрақтар бойынша мәтін құрастырып жазды.
|
№11 слайд
немесе «Суретті сөздік» үлестірмелі қағаздары
үнтаспа, оқулық,
ватман, түрлі-түсті қарындаштар
оқулық (тірек сөздер тақтаға жазылады)
ғаламтор, смартфон // компьютер
+
ватман
+
№12 слайд
|