Сабақтың тақырыбы: Күз келді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


(Ұ, МК) Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды



бет74/187
Дата14.12.2023
өлшемі34,78 Mb.
#197066
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   187
Байланысты:
3-сынып қмж23

(Ұ, МК) Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды. Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздерге түсінік беріледі. Алдын-ала дескриптормен танысады.Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.
Дескриптор:
1. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
2. Мәтіннің мазмұнын қысқаша айтады;
2. Тірек сөздерді қолданады;
3. Сөйлемдегі сөздердің жалғауларын дұрыс айтады.
Тірек сөздер: жексенбі, көмектесті, шаңын сүртті, су құйды, жуды, риза болды.
Кері байланыс: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Не қиын болды?

Сергіту сәті
Қолды алға созайық,
Қайшы кескен болайық.
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт.
Енді еркін тыныстап
Демалайық дұрыстап.
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт.

Мәтінмен жұмыс.
Оқылым алды тапсырмасы:
(МК)Мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру (мейірімді, жылады, құлыным, шындық, ақылды). Мәтіндетіркескенсөздерменбіргеқайталайды. Мысалы:мейірімді қыз, Нұрай жылады, шындықты айтты, т.б.
Оқылым кезіндегі тапсырма:
(МК, Ұ)Мәтіндіүш оқушы рөлге бөліп оқиды. (автор, әжесі, Нұрай)
Нұрай – өте мейірімді қыз. Ол бүгін әжесіне көмектесті. Ыдысты жуды. Бір ыдысты сындырып алды. Нұрай сынған ыдысты әжесіне берді. Әжесі:
- Кім сындырды? – деп сұрады.
- Мен, - деді ол.
Нұрай оған жылады.
- Жылама, құлыным! Сен өтірік айтпадың. Шындықты айттың. Сен ақылдысың, - деді әжесі.
М.Базарбайқызы
Оқылымнан кейінгі тапсырма
(Ж) «Кімтез»әдісі арқылы жұп болып мәтіннің мазмұны бойынша сұхбатқа түседі. (қабілетті оқушылар толық жауап береді, қалғандары қолдау арқылы жауап беруге ұмтылыс жасайды).
- Нұрай – қандай қыз? ...
- Ол кімге көмектесті? ...
- Ол нені сындырып алды? ...
- Қандай балалар өтірік айтпайды? ...
- Автор нені айтқысы келді деп ойлайсың?
Саралау тапсырмасы: Қабілеті жоғары оқушылар мәтіннің тақырыбын анықтайды. Нұрайдың әрекетіне қарай, мінездеме береді, дәлел келтіреді.
Оқушылар «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара бағалайды (мәтінді рөлге бөліп дұрыс оқыды, сөздердің интонациясын дұрыс қойды, т.б.)
Мұғалім комментарий айту арқылы бағалайды(дұрыс құрдың, жаңа сөздерді орынды қолдандың, сөздерді дұрыс айттың, ойыңды жақсы жеткіздің, Нұрайдың мінезін сипаттай алдың және т.б)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет