Сабақтың тақырыбы: Күз келді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру



бет107/162
Дата03.11.2019
өлшемі30,68 Mb.
#51019
түріСабақ
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162
Байланысты:
3-орыс сыныбы қмж № 2


Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру2 минут

№1 слайд

+

өлең жолдары жек-жеке жазылған қағаз қиындылары



№2 слайд

//

суреттер



№3 слайд

Сабақтың ортасы 28 минут
2 минут
8 минут

8 минут


10 минут


Жаңа сөздермен жұмыс

Оқулықтың 116-бетінде берілген ескі,тұрғын сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіледі: мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды. 116-беттегі суретті сөздікпен жұмыс жүргізіледі.


1-тапсырма (116-беттегі 1-тапсырма). Мәтінді тыңдап, сұрақтарды қалпына келтіру

Оқушылар үнтаспадан мәтінді тыңдайды. Әрі қарай:



  1. Әр топ мұғалім бөліп берген 1 сұрақты қалпына келтіріп жазады да, сұрақты келесі топқа қояды.

  2. Келесі топ өздеріне берілген сұраққа жауап береді де, өз сұрағын 3-топқа қояды.

  3. 3-топ өздеріне қойылған сұраққа жауап береді де, өз сұрағын 1-топқа қояды.

  4. Сұрақтар мен жауаптарды бағалау «Жасыл, сары, қызыл фишкалар» арқылы жүргізіледі, яғни топтар бір-біріне тек сұрақ қойып қана қоймай, әр топтың сұрақтары мен жауаптарын да бағалайды. Мұндағы: «жасыл» - «өте жақсы», «сары» - «жақсы», «қызыл» - «орташа».


2-тапсырма (117-беттегі 2-тапсырма). Берілген суреттерді тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша орналастырып, мазмұндау

Оқушылар назары оқулықтағы суреттерге (117-бет, 2-тапсырма) аударылады. Тапсырманы орындау жолы түсіндіріледі. Оқушылар топтарда суреттерді мәтін мазмұнына сәйкес реттейді де, мазмұнын топта 1 рет айтып шығады. Осы дайындыққа 4 минут, әр топтың мазмұндауына 1 минут, жалпы бағалауға 1 минут берілетіні ескертіледі. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.


3-тапсырма. «Құпия хаттар» ойыны

(оқулықтың 117-бетіндегі 5-тапсырманы сәл өзгертіп, мына жолмен жүзеге асыру ұсынылады:)

  1. Барлық топтарға бірдей Көктөбенің, «Шығыс күнтізбесі» субұрқақғының, «Бәйтерек» кешенінің, «Президент» саябағының, Райымбек батыр кесенесінің суреттері конверттерге салынып беріледі.

  2. Әр топтың мүшелері суреттерді партаға жайып қарайды да, 1 ғимаратты таңдайды, бірақ басқа топтарға қай ғимаратты таңдағанын білдірмейді. Сол ғимаратты ватманға сипаттап жазады да, конвертке салып, келесі топқа береді. Келесі топ 1-топтың мәтінін оқып, мәтінге сәйкес суретті жапсырады да, 3-топқа жібереді. 3-топ хаттағы сурет жапсырылған мәтінді оқып, дұрыстығын талқылайды және тақтаға іліп, 1-топтың мәтінін, 2-топтың суретті дұрыс/бұрыс тапқандығын бағалайды. Барлық топтардың жұмыстары осылайша бір-біріне алмаса отырып, қорғалады әрі бағаланады.

Дескриптор:

  1. Иллюстрациялар бойынша сипаттау мәтінін каллиграфиялық ережелерге сәйкес құрастырып жазды.

  2. Мәтінге сәйкес суретті дұрыс анықтады.

оқулық

№4 слайд


//

оқулық + үнтаспа

//

үлестірмелі қағаздар



+

жасыл/ сары/ қызыл фишкалар

№5 слайд

//

суреттер



№6 слайд

+

ватман, түрлі-түсті қарындаштар, маркерлер



+

әр топқа 5 суреттен үлестіру




Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия

«Алақан» әдісі

Бас бармақ – не ұнады?

Сұқ саусақ – не білдім?

Ортаңғы саусақ – не қызықты/оңай болды?

Төртінші саусақ – менің көңіл-күйім қандай?

Бесінші (кішкентай) саусақ – нені білгім келеді?



  1. Үлестірме қағаздарға әр оқушы өз алақанының сұлбасын сызады.

  2. Кестеге сәйкес әр саусаққа өз рефлексиясын жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет