Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.
Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерініңтармақтары.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту
Ара
Құмырсқа
Қызғалдақ
Жәндік
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Араны ұстау. Ара адамды шағады.
Қара құмырсқа. Құмырсқа – еңбекқор жәндік. (Ж) Оқылым. Мәтінді рөлге бөліп оқиды. Мәтінді оқымас бұрын, сұраулы сөйлемге қойылатын интонацияны еске түсіру.
Диалог мәтіні
-Әлібек, құмырсқа мен ара жанды табиғатқа жата ма?
-Иә, жанды табиғатқа жатады.
-Олар өте кішкентай ғой.
-Сондықтан оларды «жәндік» деп атайды. Жәндік те тамақ жейді, өседі.
2-3 жұп тақтаға шығып диалогты оқиды, қалғандары пікір айту арқылы бағалайды.
Комментарий үлгісі:
Диалогты мәнерлеп оқиды, сөйлемге екпінді дұрыс қояды, сөздерді дұрыс оқиды.
Сергіту сәті
«Еден-төбе-мұрын»
Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.