|
Сабақтың тақырыбы: л инзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескiн алу
|
Дата | 21.05.2020 | өлшемі | 0,8 Mb. | | #70200 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: 8кл Линзалар және олардан кескін алу
Физика пәні байынша 8 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары.
IV-тоқсан
Сабақтың тақырыбы:
|
Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы.Линзаның көмегімен кескiн алу.
|
КОНСПЕКТ ЖАСАУ
ЛИНЗА - екі сфералық беттермен шектелген мөлдір дене
Жұқа линза - қалыңдығы қисықтық радиусымен салыстырғанда өте аз линза.
F- линзаның фокусы, өлшем берлігі метр (м)
f- линза мен кескін аралығы, өлшем бірлігі метр (м)
d - дене мен линза аралығы, өлшем бірлігі метр (м)
Линза 2-ге бөлінеді:
Жинағыш линза
Қос дөңес Жазық дөңес Ойыс дөңес
Шашыратқыш линза
Қос ойыс Жазық ойыс Дөңес ойыс
Оптикалық центр (О) - бас оптикалық осьтің центрі
Фокус (F) - линзаның бас оптикалық осіне параллель түскен және сынған сәулелердің жиналған нүктесі
Линзаның оптикалық күші:
D- линзаның оптикалық күші, өлшем бірлігі диоптрия (дптр)
H- кескіннің биіктігі, өлшем бірлігі метр (м)
h- дененің биіктігі, өлшем бірлігі метр (м)
Г- Линзаның сызықтық ұлғаюы
Линзаның сызықтық үлкейтуі:
Линзаларда кескін салуға таңдап алынғын 3 тамаша сәуле.
1. Оптикалық центр арқылы өтетін сәуле бағытын өзгертпей линзадан өтеді.
2. Бас оптикалық оське параллель түскен сәуле сынғаннан кейін фокус арқылы өтеді (сынғаннан кейін сәулелердің созындылары жалған фокус арқылы өтеді).
3. Фокус арқылы түскен сәуле сынғанан кейін бас оптикалық оське параллель өтеді
|
Линзадан кескін алу .
Мысал-1 . Есеп шарты: жинағыш линзадан кескін алу, егер d>F
Жауабы : АВ-дене, А1В1-кескін, кескініміз үлкейтілген, шын, төңкерілген
Мысал-1 . Есеп шарты шашыратқыш линзадан кескін алу, егер d>2F
Жауабы : АВ-дене, А1В1-кескін, кескініміз кішірейтілген, жалған, тура
|
Тапсырма.
1.Линзаның оптикалық күші 2 дптр.Линзаның фокус аралығы неге тең?
2.Жинағыш линзаның көмегімен жарқырайтын нүктенің кескіні алынған.Егер d=0.5 м, f=2 м болса,линзаның фокус аралығы қандай болады?
3.Нәрсе фокус аралығы 10 см жинағыш линзадан 20 см қашықтықта орналасқан.Нәрсенің кескіні линзадан қандай қашықтықта болады.
4. Жинағыш линза берілген, егер d>2F болса, кескін қандай болады, суретін салып көрсетіңіз?
5. Жинағыш линза берілген, егер d=F болса, кескін қандай болады, суретін салып көрсетіңіз?
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|