Сабақ жоспары
5 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. білімділік: алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау, таным белсенділігін арттыру;
2. дамытушылық: сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру, өткен ережелерге қорытынды жасауға үйрету;
3. тәрбиелік: тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, тест
Сабақтың көрнекілігі: слайд
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын қадағалау.
Мұғалім:
Алыстан сермеп,
Жүректі тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғау тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл,- дей келе көркем де, сұлу қазақ тілімізге арналған сабағымызды ұлы Абай Құнанбаевтың өлеңімен бастағанды жөн көрдім.
II. Берілген антонимдер бойынша мақал-мәтел айту.
Дұшпан – дос (Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады)
Әдепті-әдепсіз (Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала)
IІІ. Синонимдердің сыңарын тап.
Тамақ - лезде
Таңертең - есендесу
Ертеде - азанда
Жылдам - ауқат
Амандасу – баяғыда
ІҮ. Көнерген сөздер бойынша тапсырма жұмыстары (слайд бойынша)
Ү. Диалект сөздерді табу (слайд бойынша)
ҮІ. Кәсіби сөздерді еске түсіру (слайд бойынша)
ҮІІ. Термин сөздерді ажырата білу (слайд бойынша)
ҮІІІ. «Сергіту» ойыны. Мен сендерге тұрақты тіркестерді оқимын, соның қандай мағына беретінін бір сөзбен айту керек.
1. Тайға таңба басқандай (анық)
2. Жұмған аузын ашпау (сөйлемеу)
3. Қырық пышақ болу ( араздасу)
4. Ит арқасы қиянда (алыс)
5. Жанын қоярға жер таппау (әлек болу)
6. Бауыр басу (үйрену)
ҮII. Лексика тарауы бойынша тест сұрақтары
1. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.
А. Синтаксис. В. Морфология С. Лексика
2. Тұрақты сөз тіркесін ажырат.
А. Ашық жер. В. Қоян жүрек. С. Хат жазу.
3. Мақал-мәтелді тап.
А. Бала шаба жөнелді. В. Білімді бол. С. Ақылды бала-арлы бала.
4. Антонимді ажырат.
А. Қызыл-ақ. В. Ақ-қара. С. Қызыл-көк.
5. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.
А. Ел үмітін ер ақтар. В. Көк алманы алма. С. Қарақұс-жыртқыш құс.
6. Дұрыс жазылған сөз.
А. Жыуу В. Жуу С. Жуыу
7. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.
А.Зерігу, құмар болу. В. Еріну, көшіру. С.Зерігу, іш пысу.
8. Неологизм сөзді белгіле.
А.Несие. В. Гарантия. С. Процент
9. Көнерген сөзді тап
А. Саяжай. В. Найза. С. Сәулет
10. Табу сөзді көрсет.
А. Шырайлым. В. Бауырмал. С. Қайратты.
Тест жауаптарын тексерту
Дұрыс жауаптары:
1-С 5-В 9-В
2-В 6-В 10-А
3-С 7-С
4-В 8-А
ҮIII. Қорытындылау:
ІХ. Оқушыларды бағалау
Х. Үй тапсырмасы.
«Ана тілім-асыл қазынам» тақырыбына шығарма жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |