Сабақтың тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры»



Дата01.04.2022
өлшемі2,84 Mb.
#137586
түріСабақ
Байланысты:
МЦ-121 А 31.03.2022 № 26 каз.яз.


Сабақтың тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры» - тарих пен болашақтың алтын көпірі. Тілдік бағдар: Шешендік сөзге қойылатын талаптар.
Ой түрткі

  1. «Мәңгілік ел» дегенді сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оның көне түркі ескерткіштермен қандай байланысы бар?

  2. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен таныссыздар ма? Ол жайында не білесіңдер?


1-тапсырма. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен танысыңдар.
І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ
Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.
Ұлы даланың жеті қыры:
1.Атқа міну мәдениеті
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. 
2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. 
3.Аң стилі
 Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.
4.Алтын адам
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам».
5. Түркі әлемінің бесігі
Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.
6. Ұлы Жібек жолы Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады.


2-тапсырма. Мақаланың мазмұны бойынша конспект жаз.
Тілдік бағдар







3-тапсырма. Қазақ шешендік өнерінің көрнекті өкілдерінің нақыл сөздерін сәйкестендіріңдер.


4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Байдалы бидің бойында А.Батұрсынұлы мен М.Ломоносов айтқан шешенге тән қасиеттердің қайсысы бар?

Үй жұмысы.: Н-2, 21-бет. 8-тапсырма.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет