Сабақтың тақырыбы Лиро эпос жырлары. «Қыз Жібек» жыры Сабақтың мақсаты Сабақтың түрі



Дата22.08.2017
өлшемі64,22 Kb.
#24647
түріСабақ

Сабақтың өтілетін күні

пәні

сыныбы

Өткізетін мұғалім

02. 10. 2015 жыл



Қазақ әдебиеті


9 «А»

Тулегенова Жазира Кудайбергеновна

Сабақтың тақырыбы


Лиро – эпос жырлары. «Қыз Жібек» жыры





Сабақтың мақсаты

Сабақтың түрі:

Сабақтың типі:

А) Білімділік: Лиро – эпос жырлары. «Қыз Жібек» жыры туралы толық түсінік қалыптастыру. Жырдың тарихитан алар орны, кинофильммен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу. Жырдан жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық қатар жүргендіктен өмірмен байланыстыра суреттей білу.


Ә) Тәрбиелік:Адамгершілік қасиеттерді дәріптей келе Жібектің бойындағы ақылдылық пен пиязылықты, асқан сұлулық пен ізеттілікті қазақ қыздарының бойына дарыту. Адал махаббат иесі Төлегеннің достық пен сертке берік екенін оқушыға үлгі ету.

Б) Дамытушылық: Оқушының ойы мен тілін дамыту. Халық мұрасына деген ықылас, құрмет сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету.Сын тұрғысынан ойлаудың жоғарғы деңгейінен көрінуге бар білімін көрсету. Білім, білік дағдыларын дамыту.

Дәстүрлі емес

Аралас



Оқыту нәтижесі

Оқушы берілген тақырыпты өз бетінше оқып, өзектендіре алады; қажетті деректер мен қосымшаларды орынды қолдана отырып, өз ойын ашық айтып, қорғай алады; сыныптасының ойымен салыстыра алады; өмірмен байланыстыра суреттей алады; өзін- өзі бағалай алады;сабаққа белсенді қатысады; топтық жұмыс нығаяды;

оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады;


Түйінді идеялар

«Қыз Жібек» жыры – қазақ халқының күллі әлемге танытқан әдеби мұра.

Әдіс-тәсілдер

СТО, АКТ,кері байланыс, баяндау, талдау,пікір алысу, қорытындылау


Сабақтың мазмұны

Уақыты

(минут)

Ресурстар

Тірек сөздер


Бейне фильм

Зерде


Таным көпірі

Ойлан. Тап.Ізде

Музыкалық әуен

Мұғалімнің іс-әрекеті

Амандасу тренингі

«Күн, жұлдыз, ай, жүрек » сөздерін байланыстырып лебіз не теңеу сөз айту сұралады.



Топқа бөлу

(Күн, жұлдыз, ай, жүрек болып бөлінеді.)



Қызығушылығын ояту

Топ атауларын балама түрде беру сұралады. Өлең жолдары арқылы дәлелдеу.



Актуальдау:
1. Лиро – эпос жырлары дегеніміз не?
2. Эпостық жырдан айырмашылығы
3. Қандай лиро – эпос жырларын білесіңдер?

Сабақ жоспары
1. Жырдың маңызы мен көркемдік ерекшелігі
2. «Падишадан кем емес, Ер Төлеген келбеті»
3. Бекежанның бейнесі
4. Қаршыға мен Шеге ақындар
5. Жібектің Сансызбайға қосылуы
«Қыз Жібек»кинофильмінен прогмент көрсетіледі.


Артық болмас білгенің...
Ерте кезде туған және оқиғаға құрылған жырдың бір түрі лиро - эпос немесе лиро – эпостық жырлар деп аталады. Бұл жырлар бір кезде “Ғашықтық жырлары”,“Тұрмыс – салт жырлары” деп те аталып жүрді. Лиро – эпостық жырлар – халық ауыз әдебиетінің бір саласы.”Эпос” деген баяндау дегенді білдіретін көркем әдебиеттің негізгі жанрларының бірі болса, “Лирика” – адамның көңіл - күйін, сезімдерін бейнелейтін жанр. Лиро – эпостық жырлар осы екі жанрдың қасиеттерін - сезімге, сыршылдыққа құрылған сарын мен эпосқа тән баяндауға негізделген оқиғаларды қамтиды.
Мағынаны тану :

Қазақтың эпостық жырларының ерекше бір бөлімі - ғашықтық жырлары. Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан басты - басты үш ерекшелігі бар.Ол қандай ерекшеліктер?



Қосымша түсінік:

«ҚызЖібек»  — ел арасына ауызша да, баспа арқылы да кең тараған лиро-эпостық жыр. Қазақ фольклористерінің басым көпшілігі «ҚызЖібек» жыры ХVІІ ғасырда пайда болған деп тұжырым жасайды. Жырдың нұсқалары көп емес және олардың арасында айырмашылықтары да аз. Мұның барлығы «Қыз Жібектің» кейін пайда болған жыр екенін аңғартады. Жырдың тұңғыш рет 1880 ж Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қарасөзбен аударып жазған. ХІІ ғ ІІ жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсанда ел арасынан «Қыз Жібек»   жырын жинап, 1894 жылы Қазан қаласында баспаға түсіреді. Ал Жүсіпбек Шайхысламұлы  нұсқасы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 жылдары қазақ тілінде жарияланды. «Қыз Жібектің» Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 жылдары басылып шығып, 1958 ж «Қазақ эпосы», «Казахский эпос» жинақтарында, 1963 ж. «Қыз Жібек»   деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды. Сондай-ақ орыс тілінде 1988 ж жеке кітап болып шықты. Қазір ҚР Ғылым академиясының Орталық кітапханасының қолжазба қорында жырдың 2 нұсқасы сақтаулы. Оның ішінде Қ. Мырзағалиев, Ә. Дәнікереев, Ж. Қалмағамбетов, Е. Рақметов, Р.Мәзқожаевтардың нұсқалары бар.


Мағынаны ажырату:

І. Тұрмыс – салт жырларын табу Қыз Жібек» жырында естірту, жұбату, жоқтау, айтыс, сыңсу өлеңдері көп кездеседі.
ІІ. Мал баққанға бітеді, Отын шапқанға бітеді

Көшпенді елдің негізгі күнкөріс құралы мал шаруашылығы болғаны мәлім.


ІІІ.Әдебиет теориясы

Жырдың барлық нұсқаларынан осы жайға байланысты айтылған айқындау сөздер, теңеулерді көптеп кездестіруге болады.


Сергіту сәті: «Арамызда Төлеген жүрсін дағы ахау Орамалы тұрады- ау 500 жорға әгугай, әгугай ...

Шығармашылық жұмыс: «Көрінер қыздар сұлу шашбауымен» тақырыбында эссе жазу.( қазіргі таңмен байланыстыру)

Рефлексия:
Жұмбақтар жасырылады
Берілген мәліметтер алынған соң оқушылар концептуал дық кестені толтырады.
Кейіпкерлер ------ Өмірге қызығушылығы ------ Адамгершілік қасиеті ------ Кейіпкерге берілетін баға
Төлеген
ҚызЖібек
Бекежан

Үй тапсырмасы: Лиро – эпос жырлары. «Қыз Жібек» жырының мазмұнымен толық танысу. Өзіңе ұнаған кейіпкерге мінездеме жазу.

Бағалау: «Үш шапалақ», жиынтық

Оқушының іс-әрекеті
Сынып шеңбер құрып бір-біріне жақсы тілектер айтады.Сөзінде қолданған сөздер тізбегі болып топтасады.
Мен - балаң, жарық күнде сәуле қуған...

Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар...


Әр топ берілген тапсырмалар бойынша орындап қорғайды

Оқушылар бейнефильмді көру арқылы түпнұсқамен салыстыру жұмысын жүргізеді

Лиро - эпостық жырлар



«Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
Айман - Шолпан
Сұлушаш
Қыз жібек
Ләйлі - Мәжнүн
Құсырау - Шырын
Қалқаман – Мамыр

Ең алдымен, батырлардың халық мүддесі жолындағы күресін негізгі тақырып ететін батырлық эпостай емес, ғашықтық дастандардың өзекті тақырыбы - екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет – зары, махаббаты.


Екіншіден, батырлық дастандарда шешуші рол атқара бермейтін рулық қарым - қатынастар, үшінші, тұрмыс - салт, әдет - ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласына заңды түрде қабысады.

«Қыз Жібек» жырында естірту, жұбату, жоқтау, айтыс, сыңсу өлеңдері көп кездеседі. Көшпенді елдің негізгі күнкөріс құралы мал шаруашылығы болғаны мәлім. Жылдың барлық нұсқаларынан осы жайға байланысты айтылған айқындау сөздер, теңеулерді көптеп кездестіруге болады.

Хрестоматиядан ізденіс жұмыстарын жүргізу

Әннің сөзіне қосылып, шырқау.

«Қыз Жібек» жырындағы басты кейіпкер Төлегенге мінездеме...

Оқушы білімін





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет