Көркем еңбек . Ашық сабак.1-сынып.
Сабақ тақырыбы:
|
«Менің Отбасым» композициясын жасаймыз.
|
Мектеп: Жамбыл мектебі.
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың мақсаты
|
Отбасы және достарын басты құндылық ретінде қалыптастыру.
|
Сабақтың міндеттері
|
Мұғалім үшін: білім алу мен өмір сүрудің арасында тығыз байланыс орнату.
Оқушылар үшін: Оқулықтың 52-53 бетіндегі сұрақтарға жауап береді.
|
Нені білулері керек
|
Қағаз көлеміне сәйкес копозиция құруды біледі.
|
Нені үйренулері керек
|
Үйренген білімдерін тәжірибеде қолданады.
|
Жұмысқа қажетті материалдар
|
Түрлі-түсті қатырма қағаз, сазбалшық,қол сүртетін орамал.
|
Сабақты өткізуге қажетті материалдар,интернет ресурстар
|
Оқулық пен жұмыс дәптері, әйгілі суретшілердің туындылары.
|
Материалды түсіндіру
|
Үйде отбасылық альбомды мұқият қарап шық. Онда отбасы мүшелері немен шұғылданып жатыр. Бет әлпеттері, көңіл-күйлері қандай? Отбасы мүшелерінен кімді бейнелейсің? Ойлан.
|
Тақта алдында жұмыс, Өздік жұмыс
|
Өз отбасы мүшелеріңнің суретін сал немесе дайын суреттерден коллаж жаса.
Отбасылық портретке жақтау жасаймыз.
|
Сабақтың қорытындысы
|
Бейне мен өлшемнің байланысуын сезінуі, композиция арқылы бейнелеу өнерінің әсерлегіш құралдарын пайдаланып, ойы мен сезімін жеткізуді үйренеді.
|
Кері байланыс
|
Өз сабағыңызды талдау үшін осы әдісті пайдаланыңыз. Көңіл-күй смайликтерін жабыстыру.
|