Бекітемін:
Пәні: Дене шынықтыру
Пән мұғалімі: Аманқұлов Аймұрат
Өтілетін сыныбы: 3 «б»
Өтілетін мерзімі: 12.01.2015ж.
Өтілетін орны: Мультимедия кабинеті
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын. Тоғызқұмалақ ережелері.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылар арасында ұлттық тоғызқұмалақ ойынын насихаттау.
2.Оқушыларды дене шынықтыру және спортпен айналысуына, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуға арнап жағдайлар тудыру;
3. Оқушылар арасында салауатты өмір салты мен белсенді ұзақ өмір сүру принциптерін қалыптастыру;
4. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында олардың бос уақытын спортпен айналысуын қамтамасыз ету.
Керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, тоғызқұмалақ тақтасы, қалам, плакаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Кезекші мәліметі.
2. Сәлемдесу
ІІ. Оқушыларды жетон арқылы 3 топқа бөлу.
І топ. «Көкпар» тобы
ІІ топ. «Тоғызқұмалақ» тобы
ІІІ топ. «Қазақша күрес» тобы
ІІІ. Топтық жұмыс.
Топтарға тапсырмалар беру
І топ ұлттық ойындар
ІІ үстел үсті ойындары
ІІІ топ спорттық
Әр топтан 1 оқушы шығып жұмыстарын түсіндіреді
ІV.Жаңа сабақ
Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді. Алайда, өкінішке қарай, елімізде тоғызқұмалақ ойыны туралы білетін жандар өте аз. Осыған орай, бүгінгі сабағымызда оқушыларымызды аталмыш ойынмен таныстырсақ дейміз.
Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар. Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда калия», қырғыздарда «тогузкоргоол», африкалықтарда «манкала», «габата», «абапа», «нам-нам», «бао», «тамподуо», «омвесо», «маработ» деп аталады екен. Сол сияқты америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар. Олар оны «аджи-бото» немесе «варри роунд» деп атайды. Ал Қазақстанда алғаш рет 1974 жылы тоғызқұмалақтан Республика біріншілігі өткен. Содан бері ел чемпионаты жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ федерациясы құрылған. Президенті – Әлихан Байменов. Ұлттық құрамамыздың бас бапкері – Айнұр Жақыпбаева.
Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.
Тоғызқұмалақ ережесі
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
отаулар
|
№9
|
№8
|
№7
|
№6
|
№5
|
№4
|
№3
|
№2
|
№1
|
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
Қостаушы қазаны (0)
|
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
Бастаушы қазаны (0)
|
отаулар
|
№1
|
№2
|
№3
|
№4
|
№5
|
№6
|
№7
|
№8
|
№9
|
|
Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.
Жүріс жасау ерекшеліктері
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып,
қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
отаулар
|
№9
|
№8
|
№7
|
№6
|
№5
|
№4
|
№3
|
№2
|
№1
|
|
9
|
9
|
9
|
–
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
(0)
|
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
9
|
1
|
10
|
10
|
(10)
|
отаулар
|
№1
|
№2
|
№3
|
№4
|
№5
|
№6
|
№7
|
№8
|
№9
|
|
2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына
таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.
отаулар
|
№9
|
№8
|
№7
|
№6
|
№5
|
№4
|
№3
|
№2
|
№1
|
|
–
|
10
|
10
|
1
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
(0)
|
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
2
|
11
|
1
|
(12)
|
отаулар
|
№1
|
№2
|
№3
|
№4
|
№5
|
№
|
6№7
|
№8
|
№9
|
|
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
отаулар
|
№9
|
№8
|
№7
|
№6
|
№5
|
№4
|
№3
|
№2
|
№1
|
|
1
|
11
|
1
|
1
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
(3)
|
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
Х
|
11
|
1
|
(12)
|
отаулар
|
№1
|
№2
|
№3
|
№4
|
№5
|
№6
|
№7
|
№8
|
№9
|
|
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.
5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
V.Топтық жұмыс.
Әр топқа тапсырмалар беру арқылы топтық жұмыс орындату.
Әр топтан 1 оқушы шығып жұмысты түсіндіреді.
VІ. Жұптық жұмыс
Топтағы оқушыларды өзара жұптап «пилот және навигатор» ойыны арқылы жұптық жұмыс жүргізу.
VІІ. Сергіту сәті.
Спорттық ойындардың атауын атай отырып, сергіту сәтін өткізу.
VІІІ.«Біздің мақтанышымыз»
Ұлттық ойын тоғызқұмалақ ойыны елімізде оның ішінде Қызылорда облысында жақсы дамып келеді. Жыл сайын тоғызқұмалақтан аудан,облыс,республикалық турнирлер өткізіледі. Жалағаш ауданымызда тоғызқұмалақ үйірмесіне Марат Рахметов
ІХ.Қорытынды оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен сабақты пысықтау: 1.Шығу тарихы. 2. Неше қазаны болады. 3. Тұздық қай отаудан алынбайды.4.
Х .Бағалау кері байланыс сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
Оқушылардын сабақтан алған әсерін білу мақсатында кері байланыс кестесіне жетондар салдыру.
Достарыңызбен бөлісу: |