Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек. Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация. Оқу



бет1/2
Дата08.01.2020
өлшемі272 Kb.
#55541
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Ұлттық ою өрнек

Қызылорда қаласындағы С.Сейфуллин атындағы № 4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абуова Дурияш Бекболатовна

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек.



Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: екіге бүктелген парақтан күрделі емес ұлттық ою-өрнектерді симметриялы қиюды үйрету; халық өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру; шыдамдылықпен, ұқыптылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Керекті құралдар мен материалдар: ұлттық ою-өрнектермен безендірілген тұрмыстық заттар суреттері, қатырма қағаз , түрлі түсті қағаз, қайшы, желім,жұмыс дәптері, қарындаш, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2. Кіріспе әңгіме: балаларға ұлттық бұйымдардың суреттерін көрсетіп, олардың ерекшелігіне, ою-өрнегіне, түр-түсіне назар аударады. Қазақ халқының ерте заманнан-ақ өте шебер, өнерлі болғанын ұлттық тұтынатын, пайдаланатын заттарынан байқауға болады.Қазақтың киіз үйінен бастап, оның ішіндегі барлық керекті заттары - текемет, сырмақ, түскиіз, әдемі кілемдер үйге көрік беріп тұрады. Бұлардың барлығы әртүрлі ою-өрнектермен безендірілген.Киімдері, құрал-саймандары, ыдыс-аяқтарының барлығы дерлік көз тартар әдемі оюлармен әшекейленген. Олардың бәрі өзара үйлесе орналасқан, әртүрлі бұйымға салынатын өрнектердің де бір-бірінен айырмашылығы болады және орналасуы да ерекше болады. Бұл ою-өрнектердің өздеріне лайықты аттары да болады: қошқармүйіз, тұмарша, төртқұлақ, қайнар, сынықмүйіз, құсқанаты,бұғымүйіз.

Сергіту: Жалғыз саусақ.



3. Өзіндік жұмыс: Орындалу ретімен танысып, жапсыру жұмыстарын орындайды. Оюдың үлгісін қиып алу, орналастырып, жай қарындашпен айналдыра сызып алып,қию.

Негізгі бетке аппликацияның бөлшектерін үйлесімді орналастыру.



Бөлшектерді негіз қағаз бетіне ретімен жапсыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет