Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ою өрнек»



бет3/4
Дата28.01.2018
өлшемі2,54 Mb.
#35120
түріСабақ
1   2   3   4


Суретте не айтылуы мүмкін? (Ою – өрнектер туралы)

Жаңа сабақ (13 мин.)

Жаңа сөздермен жұмыс: қошқар мүйіз, қазтабан, киіз үй жабдықтары, ұлттық өрнектер

Ұлттық ою – өрнек

Ою – өрнектерді қазақ халқы өзінің қолөнерінде көптеп қолданған. Қазақтар табиғаттың әдемілігін қолөнерде бейнелеген. Қазақ шеберлері ою – өрнектермен ыдыс – аяқты, киім – кешекті, қару – жарақты, киіз үйлерді тамаша әшекейлеген. Қазақтың ұлтық ою –өрнектері өсімдік тектес, зооморфтық, космогондық және геометриялық ою өрнектер деп бөлінеді. Шеберлер өзі жасаған бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін, жапырақтар, жапырақшалар, үш жапырақты өсімдіктер, бүршіктер, гүлдерді ұтымды қолданған.



Зооморфтық оюөрнектерді қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін бейнелегендерінен көруге болады. «Мүйіз» оюының бірнеше түрі бар: «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «бұғы мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз», «сынық мүйіз», «төрт құлақ», «түйе табан», «сыңар өкше», «қос алқа», «құс қанаты», «қазтабан т.с.с. «Қошқар мүйіз» оюы неше түрлі формада үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, торсық, сандық т.б.) сондай – ақ, қару – жарақтарда (қынап, жебе, садақ), киім – кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады. Зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі.

Космогондық ою – өрнектер ғарышпен байланысты барлық нәрселерді—жұлдыздар мен айды, жарты ай мен күнді, кемпірқосақты бейнелейді.

Геометриялық өрнектерді қиық шаршылар, иректер, ұшбұрыштар және көпбұрыштар құрайды. Қазақ ою – өрнегінің геометриялық нақышы көшпелі қазақтарға грек математигі Пифогордың заңдары мен нақты заңдардың белгілі болғанын көрсетеді. Өсімдік тектес өрнектермен араласқан геометриялық нақыштарды «Бабажы қатын», «Айша бибі», «Қожа Ахмет Иассауи» және т.б. монументті құрылыстарынан көруге болады. Геометриялық ою – өрнектердің элементтері төртбұрышты, қиық шаршылы болып келеді. Олар ағашты өңдеуде, үй іші мен жиһаз бұйымдарын, музыкалық аспаптар мен аңшылық саймандарды әшекейлеуде өте жиі кездеседі.


  • суреттерді атайды;

  • мәтіннің тақырыбын ашады;

  • мәтіндегі жаңа сөздерді табады;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет