Түсіну (5 минут) «Топтастыру» әдісі (топтық жұмыс) Оқушылар өлең мазмұнынан не түсінгендерін топтастырады.
Қолдану (5 минут) «Пирамида» әдісі(жеке жұмыс) Оқушылар өлең мазмұнынан ана тек өмірге әкелуші ғана емес, бүкіл ғұмырын балаларының бақытына арнаған қорғаушы періштеміз екенін, т.б. екеніне көз жеткізген соң, дәл қазіргі уақытта өздерін ана алдында қалай ұстап жүргенін «Пирамида» әдісі арқылы жеткізеді. Яғни, оқушылар қазір 13-14 жас аралығында, нағыз жасөспірімдік кезеңде жүрген кездері. Мінездерінде де өзгерістер пайда болуына байланысты кейбіреулері анасының сөздерін көтере алмай қарсы шығуы мүмкін немесе керісінше анасын бұрынғыдан да түсініп, одан сайын жақсы көріп кетуі де мүмкін. Сол себепті оқушыларға өз аналарын «Мен анамды ... теңеймін. Себебі, ...» тіркесі арқылы кез келген геометриялық фигураға теңеп, неліктен теңегендерін және ана алдындағы өздерін қандай геометриялық фигураға теңейтіндерін, неліктен теңейтінін жазып шығады.