Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»


Жинақтау (5 минут) «Төрт сөйлем» әдісі



бет6/6
Дата05.02.2022
өлшемі208,1 Kb.
#20611
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Жинақтау (5 минут)
«Төрт сөйлем» әдісі (топтық жұмыс)
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған мәліметтері мен түйген ойларын «Төрт сөйлем» әдісі арқылы қорытындылайды.




  • «Төрт сөйлем» әдісінің үлгісі

    • Пікір

    • Дәлел

    • Мысал


    Қорытынды

Бағалау (5 минут)
Бағалау кезеңінде оқушылар ашық сұрақпен (Өлең мазмұнынан көрсетілген ана бойынан табылатын қасиеттерді қазіргі аналардың бойынан көре аласың ба?) жұмыс жасады және қазіргі таңдағы көкек аналарға өзіндік бағаларын беріп, көзқарастарын білдірді.
- Әрине, өзгеге баға беру оңай. «Жұмақ ананың аяғының астында» дегендей, біз де келешекте өз перзентерімізге жұмақ өмір сыйлап, бала алдындағы өз міндетімізді дұрыс атқара алсақ, біздің бағамыз сонда шығады. Сондықтан сендердің де келешекте бар өмірін сәбиіне арнаған аяулы ана болуларыңа тілектеспін! – деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.


Үйге тапсырма: (1минут)
А). М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер жинау.
Ә). Оқулықта берілген даналық ойды арықарай жалғастырып жазып келу;
«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді. ...» (қыздар жалғастырады)
«Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан ол – сәби үшін ең жылы ұя. ...» (ұлдар жалғастырады)
Бағалау: (1минут)
Сабақ барысында төрт топтық жұмыс орындалғандықтан оқушылардың жұмысын формативті бағалау түрінде тек топтарды ғана бағаладым. Яғни, гүлдің құрылысын төртке бөліп, төрт топтық жұмысты ретімен сабақ барысында бағалап отырдым.Мысалы: Бірінші тапсырманы құмырамен, екінші тапсырманы сабақпен, үшінші тапсырманы жапырақпен, төртінші тапсырманы гүлімен бағаладым. Сабаққа төрт топ та өте белсенді қатысты. Соның ішінде екінші топ пен үшінші топ тапсырмаларды талапқа сай, нақты орындағандары үшін «бестік» бағасын, төртінші топ үш тапсырманы орындап, біреуінен қателескені үшін «төрттік» бағасын, бірінші топтың екі тапсырмасы нақты болмағандықтан «үштік» бағасын алды. Бұл – тек топтық баға.
Рефлексия (3минут)
Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай әсер алғанын стикерлерге жазып шығады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет