Егіндікөл ауданы
Көркем негізгі мектебінің
қазақ тілі және әдебиет
пәнінің мұғалімі Бейсенова А.С
Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Сағындым » өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылық жолымен танысу, «Сағындым» өлеңінің идеясын ашу.
Дамытушылық: өлеңнің мазмұнын ұғынуға, талдауға, көркемдік ерекшелігін тануға баулу.
Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа,бостандықтың қадірін түсінуге тәуелсіз мемлекетімізге қызмет етуге ынталандыру
Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, кітап көрмесі, интербелсенді тақтаға жазылған мәтіндерді түсіну, идеясын ашу.
Сабақтың әдісі: деңгейлік оқыту әдісі
Сабақтың түрі: Панарамалық сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің сөзі:
- Бүгінгі сабағымды М.Жұмабаевтің мына өлең шумағымен бастағым келеді
Күңіреніп ойлағанда Алаш жайын,
Жанымды орай берді ұлы уайым
Кеудеме күннің нұры толғандай боп
Жырлаймын алты Алаштың жайын
Жаңа сабақ М. Жұмабаев «Сағындым»
1 Кітаппен жұмыс / оқу, мазмұнын айту / Сұрақ- жауап
Қосымша мәлімет
Ғалым, тәжірибелі шебер оқытушы, асқан әдіскер – ұстаз, лирик, қоғам қайраткері. 1893жылы дүниеге келген. 1905жылы Қызылжар қаласындағы Шалақазақ медресесіне оқуға қабылданады. 1909жылы Абай өлеңдер жинағын оқиды. 1910 жылы Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесіне түсіп, 1917жылы бітіреді.1912жылы «Шолпан» атты алғашқы өлеңдер жинағы шығады. 1929жылы «Халық жауы» деген жаламен сотталады. Көптеген өлеңдері бірге «Қорқыт» атты поэмасы, «Жүсіп хан» атты ертегісі , «Шолпанның күнәсі» атты прозалық шығармалары бар.
Хронологиялық кесте толтыру.
Жылдар
|
Оқиғалар
|
|
Өмір сүрген жылдары
|
|
Абай өлеңдер жинағын оқиды
|
|
Қызылжар қаласындағы Шалақазақ медресесінде оқуға түседі.
|
|
Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесіне оқуға түседі
|
|
« Халық жауы» деген жалған айыппен сотталды
|
|
«Шолпан» атты алғашқы өлеңдер жинағы шығады
|
«Сағындым» өлеңін мәнерлеп оқиық.
- Ақын нені сағынды?
- Ақынның қайтпас, қайсар мінезін өлеңнің қай түсынан анықтауға болады?
- Идеясын анықта...
Дерек көздері
Орынборда болған, Бөкейхан ұлдары бастаған жиылыстың қарары бойынша күллі Қазақстанда «Алаш» партиясы деген жасалды... / 1917ж /
«Алашорданың» бастығына Әлихан Бөкейханұлы сайланды.
Оқу комиссиясына:
А. Байтұрсынов
М.Жұмабаев
М.Дулатов ( С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» романы )
Совет үкіметі күн сайын күшеюде... қанат жая берді. «Алашорда» тәрізді автономиялар қуыршақтай домалай бастады / «Қазақ» газеті 1917ж/
От жанды , ұлт қанды, есіл қыршын жас ұлт жолында құрбан болады...
Мағжанды ұлтшыл деп айыптады. Ол Москвада В. Я. Брюсов ашқан көркемөнер институтында әдебиет факультетінде оқыған. «Ол ғалым, тәжірибелі, шебер оқытушы, асқан әдіскер- педогог еді»,- деп еске алады ақынның жұбайы Зылиха. «Жұртын сүйген жүрек» М. Горький.
- Балалар, бостандық деген не?
Мағжан өлеңдеріндегі айшықты троптар
Эпитет
|
Күңгірт шаш, сұп-сұр көр, қарт ана, көк нұры, жұмақ жыры, усыз құшақ, ескі заң, ақ кебін, мәңгі өлік сахара
|
Теңеу
|
Күлдей, жыландай, құрандай
|
Антитеза (шендестіру)
|
Қыс – ақ кебін, жаз - сары
|
Сабақты бекіту.
Сәйкестендіру тесті.
Мағжанның әкесінің аты?
|
Қорқыт
|
Тұңғыш өлеңдер жинағы?
|
Ғалия
|
Поэмасы
|
В.Я.Брюсов
|
Мағжанды «Қазақтың Пушкині» деп кім атады?
|
Бекен
|
Уфадағы қай медреседе оқыды?
|
Шолпан
|
«Сағындым» өлеңі бойынша кесте толтыру.
Ақын кімді, нені сағынған?
|
Қандай жолдар арнаған?
|
|
|
Қорытынды: « Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан – ақынның ақыны, сондықтан біз Мағжаннан үйренуіміз керек » ( М. Әуезов)
Ойтолғау «Ер аңсаған тәуелсіздік»
Үй тапсырмасы:
М.Жұмабаевтың өмірі және шығармалық жолымен танысу.
«Сағындым» өлеңін жаттау.
Бағалау. Сабақтың бойынша мұғалім оқушыларды бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |