Сабақтың тақырыбы: М.Жүсіп поэмалары
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік-оқушыларға Мәшһүр Жүсіп өмірі мен ақындық жолын, ұлттық әдебиетімізге жасаған қамқорлығын, ұстаздық жолын, өлеңдерніңі мәнін ашып түсіндіру;
2) дамытушышлық-оқушылардың шығармашылығын, өздіктерінен ізденуін, танымдық дербестігін арттыру, өзіндік ой-пікірін еркін айтуға дағдыландыру, топта жұмыс істеуге төселдіру.
3) тәрбиелік-оқушыларды елдікке, ынтымаққа, ұлттық құндылықтарды бағалауға баулу, туған тілін, әдебиетін сүюге құштарландыру.
Түрі: ізденіс сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, салыстыру, ВЕНН диаграммасы, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, М.Жүсіп суреті, слайдтар, еңбектері.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, қазақ тілі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
-Әрбір адам?
-Туысым, досым, жұрағат.
-Әрбір сабақ?
-Үйрену, ұғу, ұлағат.
-Әрбір ісім?
-Тірлік, тірек, адамдық
-Әрбір сөзім?
-Шындық, бірлік, адалдық.
Үй тапсырмасын сұрау. Мәшһүр Жүсіп өмірі мен шығармашылығына шолу сұрақтар
М.Жүсіптің туған жері, Мәшһүр атануы.
Жастайынан өлең-жырға құмарлығы
Тырнақалды өлеңдерінің тақырыбы-ауыл думаны, тыныс-тіршілігі екендігі.
Он бес жасынан туған әдебиетке бет бұруы
М.Жүсіп шығармашылығы («Өмірбаян», «Ғылым-білім», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Әңгіме», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз».)
Мәшһүр Жүсіп- халық ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры («Үлгілі сөз», «Беташар», «Сыңсу», «Айтыс», «Қайым өлең», «Шешендік сөз», «Сөз өзі не нәрсе?», «Шоң би».)
Жаңа сабақ. «Жар-жардан» үзінді айта отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Сыныптағы ұл-қыздарды екі топқа бөлу.
Жігіттер:
-Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
Сыбдыр-сыбдыр жапырақ талда болар, жар-жар.
«Әкем-ау» деп жылама байғұс қыздар, жар-жар,
Әке орнына қайны атаң онда болар, жара-жар.
Қыздар:
Жаздыгүні ақша қар жаумақ қайда, жар-жар,
Құлын тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар.
Қандай жақсы болса да қайың атам, жар-жар,
Айналайын әкемдей болмақ қайда, жар-жар.
Мәшһүр Жүсіп- халық ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры. Бұған дәлел қазақ әдебиетінің қадірлі ақсақалының бірі М.Бөжеевтің сөзі «Көпеевтен қалған мол мұра ішінде әлеумет мәселесіне арналған неше алуан шағын көлемді шығармалар, ұзақ оқиғалы хикаялар, айтыстар, шежірелер, тарихи материалар фольклор-үлгілері бар. Ақынның араб, парсы, шағатай тіліндегі көшірмелерін еске алсақ,одан қалған мұра кемінде 30 томдай болады» деген екен.
Қазақ әдебиетінің ауыз әдебиетін осынша мол жинаған Мәшһүр Жүсіп біздің әдебиетіміздің фольклор саласындағы негізін салушы, әрі бірегейі десек қателеспейміз. Ақын қазақ әдебиетінің қымбат қазынасын сыпыра жинай бермей бөліп, жіліктеп, таратып ұсынады.
Дәптермен жұмыс. Күнді, сабақ тақырыбын жазу. М.Жүсіп поэмалары-ол оның ертегі, аңыз негізінде жазылған сюжетті, әңгімелі шығармалар.
М.Жүсіптің мол мұрасымен таныссақ.
Сандықтағы ауыз әдебиеті үлгілерін оқу, талдау қосымша аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, хикаялар оқу.
Өлеңдерін мәнерлеп оқып талдау.
Өлең тілінің көркемдігін дәлелдеу.
Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен,
Түріндей текеметтің түр жаратты...
Қарғаларша жер шұқып қалып қалма,
Көп ішінде көзге түс қоңыр қаздай....
Түлеген аққу құстың қанатындай,
Жерінде жүрген-тұрған сөзі қалған...
Сөйлеткен жастан Тәңірі илһам беріп,
Бұлбұлдай қызыл гүлді жүрмін теріп...
Сергіту сәті: қасиетті санды табу. 23.05.1990 2+3+0+5+1+9+9+0=2+9=11
Абай мен Мәшһүр шығармаларының үндестігі.
(екі суреткердің өлеңдерінен алынған үзінді бойынша тақырып орайлыстығын, идея төркіндестігін, салыстырып талдау).
Венн диаграммасы. Абай мен Мәшһүрдің аындық ортақ қасиеттері, данышпандық, ұлылық жалғыздығын салыстыру.
.
Қорытынды: Сонымен оқып-білген, түйгенімізден М.Жүсіпті кім деп танимыз? Жалпы ойларыңды қорытындыласаңдар.
«Өз шығармаларын былай қойып, басы ашық ескі үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және де естен шығармау керек.» М.Әуезовтің сөзімен қорынтындыласам.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
І деңгей. М.Жүсіптің 5 том 115 бет мысал-үлгілерін оқып, мазмұндық талдау
ІІ деңгей. «Ғылым-білім» өлеңінен көріктеуіш құралдарды табу.
ІІІ деңгей. «Мәшһүр Жүсіп-ауыз әдебиетінің қамқоршысы» тақырыбына эссе жазу.
Павлодар облысы Ақтоғай ауданы
Х.Шаяхметов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Ашық сабақ
Сынып: 10
Пән мұғалімі: Мукушева Асем Наурызбаевна
Достарыңызбен бөлісу: |