Пән лексикасы және терминология: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен мағынасын тауып жазу
Қыраж – алым-салық
Күдер – бел, төбе, өрлі жер
Орашолақ – еш нәрсеге ыңғайы жоқ, епсіз
толарсақ — асық жіліктің тобықпен түйіскен жеріндегі қисық сүйек
Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: Менің ойымша...;Салыстыра қарғанда...; Өмірмен байланыстыратын болсам...; Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі...
Құндылықтар
Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық жауапкершілік
Психологиялық ахуал. Мұғалім сөйлемдерді айтады, ал балалар дұрыс құрылған сөйлем болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер сөйлем өтірік болса, онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр- аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр. Аю жазда ұйқыға кетеді. Жылқы сүті- қымыз. Дәрігер адамдарды емдейді.
Үй тапсырмасын тексеру.Оқушылар үй жұмысына берілген тапсырма бойынша тест жұмысын жүргізу.