Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлының шығармашылығы, ақынның ел азаттығы, халық бостандығы туралы ойлары



Дата01.06.2017
өлшемі55,26 Kb.
#17318
түріСабақ


Қазақ әдебиеті 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлының шығармашылығы, ақынның ел азаттығы, халық бостандығы туралы ойлары.

Мақсаты: М. Өтемісұлының шығармашылығын оқушылардың өз бетімен игеріп, өзара танысуына ықпал ету. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту.

Ойды өз бойларынан өткізе білуге бағыттау, зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Топтық жұмыстар арқылы ой бөлісуге , шығармаларын талдауға, сыни ойлауға бағыттау.

Махамбет шығармашылығының бүгінгі ұрпақ өміріне маңызы мен қажеттілігін түйсінуге жағдай жасау.

Оқушыларға отансүйгіштік , адамзаттық парызды сезіндіру.



Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс,Миға шабуыл,

Пәнаралық байланыс: тарих, география.



Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру.

Кеспе қағаз таратылады, сол қағаздардың бірінде жазылған «Көшбасшы» деген жазуды алған оқушы топ басшысы болады. Осылайша 3 топтың көшбасшысы анықталады.

Сабаққа дайындық. Мозаика. 1 минут ішінде мозаикалық әдіспен сабақ ережесін құрады, бірінші құрған топ оқиды.

«Мұхитты жүзіп өту үшін кемені өзің жасауың керек».

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

А) Д.Бабатайұлы «Еспембет» дастанының қысқаша мазмұны

Ә) Дастанның сюжеттік-композициялық жоспары

Сабақты бекіту.

«Тобықтай түйін».





Дулат



ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту.

Жаңа тақырыпты ашу үшін тақтаға «Батыр», «Ақын», «Өрлік» сөздерін жазамын. Оқушылар осы сөздерді қатыстыра отырып , сөйлем құрайды, әр топ ерекше шыққан бір- бір сөйлемдерін оқиды.

« Әдебиетімізде осы игі қасиеттердің қай-қайсысын да бір бойына сыйғыза білген дара тұлға кім деп ойлайсыздар?» деген сауал ұсынылады.

Оқушылар жауабынан кейін, слаидтан Махамбет суретін көрсетемін.

- Өршіл ақын Махамбет Өтемісұлының суреті сақталмаған. Белгілі антрополог-мүсінші Ноэль Шаяхметов 1967ж. ақынның бас сүйегі бойынша оның бет-әлпетін қалпына келтіріп, мүсінін сомдапты. Осы мүсінге қарап Кентаулық әуесқой суретші М.Сариев ақынның портретін жасапты.

Миға шабуыл.


  1. Біз үшін Махамбет кім?

  2. Ол өмір сүрген қоғам қандай еді?

  3. Махамбет ол кезеңді қалай жырлайды?

Олай болса, біз бүгін одан әрі білімімізді толықтырып, Махамбеттей батыр бабамыздың ұлт-азаттық көтеріліске дейінгі, көтеріліс кезеңіндегі, көтерілістен кейінгі азаматтық болмысымен, ақындық келбетімен танысамыз.

І топ. Тарихшылар

Махамбет өмір сүрген кезең, көтерілістің шығу себебі, көтерілістің жеңілу себебі, Махамбет өмірінен мәлімет береді.

ІІ топ. Әдебиетшілер

Махамбеттің ақындығы, өлеңдерінің тақырыбы, идеясыжайлы айтады.

ІІІ топ. Сыншы-ғалымдар

Бірнеше өлеңі беріледі. Өлеңдерді өлең құрылысына талдайды.

Сергіту сәті.

Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі ойналады. Оқушыларды күйге байланысты қимылдар жасайды.




Семантикалық карта

Мәтіннен үзінді

Теңеу

Портрет

Риторикалық сұрақ

Аллитерация

Ассонанс

Керіскедей шандозым,

Құландай ащы дауыстым.

Құлжадай айбар мүйіздім!

















Тереңнен көзін ойдырған,

Сұр жебелі оғына

Тауықтың жүнін қойдырған.

Маңдайын сары сусар бөрік басқан,

Жауырынына күшіген... оқ шанышқан.

















Садағына сары жебені салдырған,

Садағының кірісін

Сары алтынға малдырған.

















Таудан мұнартып ұшқан, тарланым.

Саған ұсынсам қолым-жетер ме?

Арызым айтсам – өтер ме?

















Айғайласа белдік байланған,

Астана жұртын айналған.

Атына тұрман болсам деп,

Жұртына құрбан болсам деп.

















Мұғалім сөзі .- Балалар , біз бүгін М.Өтемісұлының өмірі, шығармашылығымен таныс болдық. Қазір бізге ақынмен бетпе-бет кездесу бақыты бұйырғалы тұр. Бәріміз « Ақиқатын айтайық » бағдарламасына назар аударайық.

Тілші(оқушы) бірнеше сұрақтар қояды.


  • Ханнан , хан ордасынан бөлек кетуіңізге не себеп болды?

  • Исатай қайтыс болғаннан кейінгі уақытта өлеңдеріңізден торығушылық байқалады. Себебі неде?

  • Ерлерді ерлікке үндеген өлеңдеріңіздің бірін жатқа оқып берсеңіз.

Махамбет (оқушы )жауап береді.

Оқушы М.Шахановтың «Махамбеттің соңғы сөзі» жатқа оқиды.
Мұғалім сөзі : Міне, өршіл рухты ақынның М.Шахановтың жырлауында Махамбеттің соңғы сөзін естідік... Мен сенемін күні ертең...

Махамбет арман еткен, Махамбет туарына сенген азат күн орнағалы қанша уақыт өтті? (25жыл)

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы жайлы әңгіме өрбиді.

Сабақты бекіту.Оқушылар Махамбетке қатысты бір ауыз сөзбен баға береді. «Бір ауыз сөз»



М- маңызды тұлға

А- ақиық ақын

Х- халық кегін қуушы

А-азаттық үшін күресті

М- мінкен ер

Б- батыр

Е- ереуіл атқа ер салған ер

Т- тарихи тұлға
Үйге тапсырма

1.Махамбет шығармашылығы туралы іздену

2.Ақынның бір өлеңін жатқа оқу
Топ басшыларының бағаларын ескере отырып, оқушыларды бағалау.
Қараманова Гүлжан Ержігітқызы

140 қазақ орта мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет