Атырау облысы, Атырау қаласы
№4 облыстық шипажайлы мектеп-интернаты
қазақ тілі пәні мұғалімі
Азиева Айгүл Жолболсынқызы
Сыныбы: 5 «б»
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: халықтың рухани қазынасы, ғасырлар шежіресі, халық тарихы мен тіршілігі, ақыл-өнегесінен көрініс тапқан мақал-мәтелдер туралы оқушылардың білім-білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен талдау машықтарын қалыптастыру.
ә) дамытушылығы: ойлау қабілеттерін, тапнымдық ізденістері мен сөйлеу мәдениетін және өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау белсенділіктерін дамыту.
б) тәрбиелілігі: атадан қалған асыл мұрамызды орынды пайдалана білуге, ұшқыр да, ойлы сөйлеуге, ұлтжандылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО элементтері
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын, өзін-өзі тану, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, үлестірмелі парақшалар
Техникалық құралдар: интерактивті тақта
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
«Әрқашан күн сөнбесін!»
(Баяу әуен ойналып тұрады, күн нұры туралы мәтін оқылады да, күн парақшасы оқушыларға табыс етіледі)
Менің сендерге тілерім – жарқыраған күн сендердің жандарыңды жылытсын және сендер күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды болыңдар. Сендердің шашқан шуақтарың қонақтардың жанын жылытсын!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
122-жаттығу
Сұрақ-жауап
Мұғалімнің бөлімді қорыту сөзі.
Бәрекелді, балалар! Үй тапсырмасын толығымен орындап келдіңдер.
ІІІ. «Жұмбақ сағат»
ы
|
ұ
|
ө
|
о
|
л
|
м
|
қ
|
а
|
м
|
|
і
|
б
|
у
|
ғ
|
ғ
|
і
|
р
|
м
|
б
|
а
|
ы
|
л
|
і
|
р
|
і
|
л
|
ы
|
б
|
і
|
ш
|
Ал, енді балалар, бұл сағатта берілген қандай сөйлем екенін табайық. Ол үшін «о» әрпінен бастап екі әріптен қалдыра отырып, айналдыра оқимыз. Сонда ғана жауабын ала аламыз.
Жауабы: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»
Балалар, осы мақалды сабағымыздың ұраны етіп алсақ, жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
ІҮ. Жаңа сабақ. «Мақал-мәтелдер»
Ой қозғау.
Балалар, мақал –мәтел ұғымы сендерге ана тілі мен әдебиет сабағынан жақсы таныс. Олай болса, ой қоржындарыңызды ашып, өздеріңе таныс «Еркін жазу» стратегиясы бойынша мақал-мәтелдер туралыф ойларыңа не келеді, топтастырып көріңдер.
Мақал-мәтелдер
Халық даналығы
Асыл сөз
Ата-баба өсиеті
Тақырыбы әртүрлі болады
Ауыз әдебиетінің бір түрі
Көп нәрсені ұғындырады
Жарайсыңдар, балалар, ана тілі мен әдебиет сабағынан бұл тақырыпты жақсы меңгергендерің көрініп тұр. Дұрыс айтасыңдар, мақал-мәтелдер халық даналығңының айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Өмір шындығының көрініс, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Мақал-мәтелді әр адам өзінің айтайын деген ойымен орайластырып пайдаланса, сөзі көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. «Мақал-сөз атасы» деп халқымыз тегін айтпаған.
Халық даналығының айнасы
Халықтың ұрпағына өсиеті
Асыл сөз қазынасы
Өмір сүру ережесі
«... халық тілінің байлығын игеру – зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс»
Ғабит Мүсірепов
Иә, балалар, жұмыс жасап, еңбек еткен адам ғана өз арманына қол жеткізеді. Біздерде бүгін бір үлкен белесті бағындыруымыз керек, ол үшін көп жұмыстанамыз. Олай болса, іске кірісейік!
«Ізденген жетер мұратқа»
Мақал-мәтелдер
|
Сұрақтар
|
Болжамдар
|
|
«Еңбек түбі – береке»
|
Құрамындағы сөздердің орны қандай?
|
Сөздердің орны тұрақты
|
«Ердің атын еңбек шығарады»
|
Мағына мөлшері қаншалықты?
|
Аз сөзбен көп мағына береді
|
«Біреуге ор қазбьа, өзің түсерсің»
|
Қандай ақыл-өсиет айтылған?
|
Ешкімге, ешқашан қиянат жасамау
|
Жаңа білімді меңгерту.
Сонымен, балалар, кестемен жұмыс жасай отырып, мақал-мәтелдердің негізгі белгілерін анықтадыңдар деп ойлаймын. Қане, айтып көріңдер!
Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері:
Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.
Белгілі бір тұжырым, түйінді береді.
Өсиет-өнеге айтылып, адамгершілікке үндейді.
Аз сөзбен көп мағына береді.
Қорыта отырып, ерекшеліктеріне көшу: балалар, енді тақтаға назар аударайық.
Мақал
|
Мәтел
|
|
Әке – асқар тау, шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.
|
Аузы күйген үріп ішер.
|
Құрылысы жағынан екі-үш бөлімді
|
Көбіне бір бөлімдлі болып келеді
|
Бидайдың кеудесін көтергені – дақылының жоқтығы,
Жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы.
|
Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді
|
Ой неғұрлым ашық, анық айтылады
|
Ой-пікір ишара, тұспал түрінде беріледі
|
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
|
Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда
|
Ақыл-өсиет түрінде келеді
|
Көбіне эмоциялық реңк басым
|
Құрылысы жағынан талдап көріңдер.
Айтылар ой қалай беріледі?
Мазмұны жағынан қалай берілген?
Ү. Оқулықпен жұмыс.
«Талдай білген ұтады»
127-жаттығу
(Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жазу)
ҮІ. «Кімнің ойы ұшқыр?» ойыны
Оқушылар түрлі түсті парақты таңдап алады. Сол парақта суреттер беріледі. Сол суреттерге байланысты жұмбақ құрастырады. Бір-біріне жасырып, шешуін табады. Жауабын үш тілде айтуы тиіс. сонымен қатар, сол жауапқа мақал-мәтел ойластыруы қажет.
ҮІІ. «Таба қойшы, білгішім» ойыны
Оқушылар жұптасады.
Тапсырма:
3 мақал-мәтел жазыңыз, оның біреуі жалған болып табылады.
Жазған жұмыстарыңызды көршілеріңе бересіздер.
Бір-бірінің тапсырмаларын оқып, үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.
ҮІІІ. «Сәйкестендіру» әдісі
Білім – ырыстың тізгіні, жер – ырыстың кіндігі
|
Отан туралы
|
|
Отан үшін отқа түс, күймейсің
|
Еңбек туралы
|
Нар тәуекел – ер ісі
|
Оқу, білім туралы
|
Ырыс алды – ынтымақ
|
Ерлік, батырлық туралы
|
Жігітті жолдасынан таны
|
Достық, жолдастық туралы
|
Еңбек түбі – береке
|
Үнемшілдік туралы
|
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
|
Бірлік, ынтымақ туралы
|
Тамшыдан тама-тама дария болар
|
Ата-ана туралы
|
ІХ. «Ойнайық та, ойлайық»
Сұрақ-жауап
Өз елің – алтын (қандай?) бесік
Ел қариясы – (кімнің?) елдің қазынасы
Ер қанаты – (не?) ат
Қанша тал кессең, қанша тал егуің керек? (бір, он)
Адамның несі қорқақ, несі батыр? (көз, қол)
Ашу не? Ақыл не? (дұшпан, дос)
Нені ексең, тегін ішесің? (егін)
Кім сыртыңнан мақтайды, кім көзіңе мақтайды? (дос, дұшпан)
Өнерлі мен өлеңшінің несі алтын? (қолы, сөзі)
Асықпаған не істейді? (арбамен қоянға жетеді)
Х. Семантикалық карта
«Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі»
Балалар, бүгінгі сабақ барысында алған білімдерімізді қорытындылау үшін үшін алдарыңа семантикалық карта беремін сол картамен жұмыс жүргіземіз.
Түрлері
Мысалдар
|
Тұрақты тіркес
|
Мақал
|
Мәтел
|
|
Тайға таңба басқандай
|
+
|
|
|
Қалауын тапса, қар жанады
|
|
+
|
|
Қыздың жиған жүгіндей
|
+
|
|
|
Ит ашуын тырнадан алады
|
|
|
+
|
Әзіл айтсаң да, әділ айт
|
|
+
|
|
Түрлері
Мысалдар
|
Тұрақты тіркес
|
Мақал
|
Мәтел
|
|
Олақтан салақ жаман
|
|
+
|
|
Баяғы жартас – бір жартас
|
|
|
+
|
Айы оңынан туды
|
+
|
|
|
Көппен көрген ұлы той
|
|
|
+
|
Кең болсаң, кем болмайсың
|
|
+
|
|
ХІ. Бекіту.
- Міне, балалар, мақал-мәтелдердің тағылым берер тәрбиелік әні ұшан-теңіз екеніне, сендердң өнер-білімде өрде болып, турасы келгенде тілмен тұйіндер тапқыр болуларыңа мақал-мәтелдердің мәні зор екеніне көздерің жеткен болар. Олай болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, оқып білімін байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алатынын баса айтқым келеді. Шынайы білімді адам ғана орнымен сөйлейді, ізеттілігі артады. Сондықтан бәрінен білім артық. Ел болашағы білімде. Қазақстанның болашағы өздеріңсіңдер. Сондықтан да сіздерге білім қоржынынан бір сый жасағым келіп тұр. Ол үшін сендер, өз тілектеріңді мына жүрекшеге жазып, білім қоржынына салсаңдар, білім қоржыны өз сыйын сіздерге тарту етеді. (Мақал-мәтелдер жинағын жазатын кітапша сыйлау)
ХІІ. Үйге тапсырма
131-жаттығу
ХІІІ. Бағалау.
Өзіндік бағалау бетшесі
Оқушының аты-жөні:___________________________
№
|
Бағалау мазмұны
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
|
1
|
Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым
|
|
|
|
2
|
Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім
|
|
|
|
3
|
Бүгінгі сабаққа қатысуым
|
|
|
|
№4 облыстық мектеп-интернат
Ашық сабақ
«Мақал-мәтелдер»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Азиева Айгүл Жолболсынқызы
Достарыңызбен бөлісу: |