ОҚО. Төлеби ауданы.
Жаңа – ұйым шағын жинақты жалыпы орта білім беретін мектебі
Коммуналдық мемлекеттік мекекмесі
Мұғалімі: Борашова Мейрамкүл Рустемқызы Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті (ашық сабақ) Сыныбы: 6-сынып Мерзімі: 18.02. 2015ж.
1
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Мұқағали Мақатаев «Қайырлы түн», «Қара өлең», «Елім барда» өлеңдері
|
|
2
|
Сабақтың мақсаты:
|
Білімділік: Оқушыларды қазақ жырының қара бурасы атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату,өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу,ақын өлеңіне жазылған әуендерді тыңдата отырып, ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылық дарындылықтарын шыңдау.Сабақ барысында 7 модульді ықпалдастыру. Әділ бағалауға дағдыландыру.
Дамытушылық:Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу, сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі бар сауатты оқушыны дайындау, ойлау қабілетін, сана – сезімін дамыту.
|
|
Қажетті құрал – жабдықтар:
|
АКТ,үнтаспа,ақын туралы айтқан ұлылар сөзі,түрлі-түсті маркерлер,бағалау парақшалары,бағалау критерийі,смайликтер.
|
3
|
Күтілетін нәтиже:
|
Мұқағали Мақатаевтың бай мұрасынан іздене отырып мағлұмат алады.
Сын тұрғысынан ойлай отырып, оның өлеңдерінің өзгешелігін өз беттерінше саралап, жеке және топпен жұмыс жасай біледі.
Жұппен шығармашылық дарындылықтарын дамытады.
Әділ бағалай біледі.
Топ ішіндегі ұйымшылдықтарын, белсенділіктерін байқата алады.
Үлгерімі: 100% Білім сапасы: 60%
|
4
|
Сабақтың барысы:
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
|
Оқушының
іс - әрекеті
|
Іске асырылатын тәрбие бағыттары
|
|
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
3- минут
|
Оқушылармен сәлемдесу.
Топқа бөлу.
(Төменгі сыныптарда оқылған Мұқағали өлеңдерінің тармақтары арқылы)
|
1.Мұғаліммен сәлемдеседі.
2.Топқа бөлініп,бөлінген топтары бойынша орналасады.
|
Адамгершілік әдептерге байланысты білімдерін дамыту.Шынайы тілектестікке баулу.
|
|
ІІ.Үй жұмысының орындалуын бақылау:
7 - минут
|
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повестіндегі кейіпкерлер.
Тест тапсырмалары арқылы үй жұмысын тиянақтаймыз.
|
Тест жұмысын орындайды.Тест жұмысын сағат тілі бойынша алмасып, бірін-бірі тексеріп,бағалайды.
|
Еңбектің өмірлік жолда жемісті екенін бала санасына ұғындыру.
|
|
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:
25 - минут
|
І. «Миға шабуыл»
Мұқағали Ақынның сөздеріне жазылған әндердің орындалғанын оқушыларға тыңдатамын, олар топ болып қай ақынның қандай өлеңіне жазылған ән екенін табады.Ол ақын туралы өз білген деректерімен бөліседі.
ІІ.Постер. (Топтық жұмыс)
Ітоп: «Қазақстан» өлеңі мен ақын өмірі туралы деректер.
ІІ топ: «Үш бақытым» өлеңі мен ақын шығармалары туралы деректер.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс: Ой-толғау жазу
І топ: «Қайырлы түн»
ІІ топ: «Қара өлең»
Әр топ мүшелері өздеріне берілген өлеңдерді оқулықтан оқып, түсінгендерін дәптерлеріне ой-толғау түрінде түйіндеп жазады.
|
1.Әуендерді тыңдап, Мұқағалидің қандай өлеңдеріне жазылған әндер екенін табады.
2.Әр топ өз тапсырма-ларын жазып,өз постер-лерін қорғап береді.
3.Оқулықпен жұмыс жасайды.(Ой-толғау жазады)
|
Сана-сезімнің қажетті біліммен толығуын ұйымдастыру.
Ізденушіліктерін, ұйымшылдықтарын дамыту.
|
|
ІV.Жаңа сабақты бекіту:
5 - минут
|
Шығармашылық жұмыс:
Соңғы сөздері берілген өлең шумағынының бос орындарына өлең ұйқастырып жазу.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . шабады,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . табады.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . мұра боп,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . қалады.
|
Соңғы сөздері берілген өлең шумағынының бос орындарына өлең ұйқастарын ойлана отырып жазады.
|
Оқушылардың дарындылығын шыңдау.
|
|
V. Бағалау:
2 - минут
|
Оқушыларға берілген бағалау парақшаларының қорытындысына қарай бағалау
|
Бағалау критерийлеріне қарай өзін–өзі бағалау.
|
Нормаларды, құндылықтар жүйесін анықтауды үйрету.
|
|
VІ. Үйге тапсырма:
1 - минут
|
1.Мұқағали Мақатаев туралы мағлұмат.
2. «Елім барда» өлеңін жаттау.
|
Үй тапсырмасын күнделікке түсіру.
|
Ізденімпаздықты, тіл ұшқырлығын дамыту.
|
|
VІІ. Кері байланыс (оқушы тарапынан рефлексия):
2 - минут
|
Бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы немесе түсінбеген сұрақтары болса оқушыларға стикерге жаздыру.
|
«Үміт ағашына»
сабақтан алған әсерлерін жазып, іледі.
|
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыруға үйрету.
|
5
|
Қорытындылау:
|
Осы сабақ бойынша сынып үлгерімі мен білім сапасын шығарады, оны күтілетін нәтижемен салыстырады.
«5» - 2
«4» - 10
«3» -1
Орта балы – 3,9
Білім сапасы – 76,9%
Үлгерімі – 100%
|
Оқушылар өздерінің бағасымен танысады. Жинаған баллдарын бағаға айналдырады.
|
Әлеуметтік мәнді жеке қасиеттерін қалыптастыру, өзін-өзі бағалау тәрбиесі.
|
6
|
Түзету:
(Рефлексия)
|
1.Жеке жұмыс
2.Қосымша тапсырма беру.
3.Қосымша сабақ өту.
4.Түзету қажет емес. (Білімін тереңдету.)
|
Оқушылар тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
|
|
Тексерілді: И.М.Толегенов
Достарыңызбен бөлісу: |