Сабақтың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығын таныстыру,"Елім барда", "Анау-аспан, мынау-бақ" өлеңдерін түсіндіру;
білімдік: Ақын өлеңдерінің көркемдік қуатын, мәнін жете түсіндіру, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;
дамытушылық: шығармашылық ізденіске бағыттау, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
тәрбиелік: туған жерді, елді сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : СТО (сұрақ-жауап, шығармашылық іздену, топтастыру, тірек сызбалар, ой толғау т.б.)
Күтілетін нәтижелер: - Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармалары туралы ойлары кеңейеді;
- Ақиық ақынның сырлы өлеңдерін тыңдау арқылы өлең құрылымына сатылай талдау жасауға іздену;
- өлеңнің негізгі идеясы арқылы оқушылар мәнерлеп, сауатты оқуға үйренеді..