Пәні:
|
Қазақ әдебиеті
|
Сыныбы:
|
5
|
Уақыты:
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі
|
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік
Ә) коммуникативтік құзыреттілік
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі
|
Оқушылардың қазақ ақыны,біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде түсінік бере отырып ,жас буынды поэзия нәрімен сусындату.Мұқағалидың «Фантазия» өлеңі арқылы қазақ әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілерінің шындықпен байланысын көрсете отырып оқушыларға меңгерту.
Оқушының өз ойын ашық,еркін жеткізе білуге одан әрі дағдыландыра отырып,ізденушілік қабілетін дамыту.Өлеңді құрлысына талдата отырып,шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
Оқушыларды поэзияны сүйе отырып,өз халқының бай мұрасын құрметтеуге баулу.Отанын шексіз сүйіп,қадірлей білуге дағдыландыру.
|
Сабақтың типі:
|
Аралас сабақ
|
Сабақтың әдісі:
|
Мәнерлеп оқу,талдау,ізденушілік,сұрақ-жауап,сатылай кешенді талдау,шығармашылық жұмыс
|
Пәнаралық байланыс:
|
Тарих,қазақ тілі,әдебиет теориясы.
|
Көрнекілігі:
|
Слайд,буклеттер,плакаттар,ақын портреті
|
Сабақтың барысы:
|
Оқытушының қызметі
|
Оқушының қызметі
|
Күтілетін нәтиже
|
|
І. Ұйымдастыру бөлімі
|
Оқушымен амандасып, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аударып, қызығушылығын ояту.
|
Мұғаліммен амандасу,үй тапсырмасын айтуға дайындалу.
|
Мұғалім мен оқушы арасында байланыс орнату. Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару.
|
ІІ. Үй тапсырмасы тексеру
|
Қуандық Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңінен үзінді сұрау.
Қуандық Шаңғытпаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша материалдар айту.
Абылай хан туралы қосымша мәліметтер дайындап келу.
Берілген сұрақтарға жауап беру.
|
Үйге берілген тапсырманы айту.
|
Өткен тақырыпты еске түсіру.
|
ІII. Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру.
|
Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі
1.Ақын өмірімен таныстыру.
Қазақ поэзиясында өзіндік із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Алматы облысының Райымбек аүданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.
М.Мақатаевтың соңында көптеген өлеңдері мен поэмалары,баллада,новелла,ішінара прозалық шығармалары қалды.Күнделіктері мен хаттары да автордың өмір жолындағы алуан сырларын жеткізеді.Қазақстан Жазушылар Одағы жылдың ең дарынды жас ақынына арнап,Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық тағайындады.
1.Алматы облысы,
Нарынқол ауданы,
Қарасаз ауылында
1931 жылы дүниеге келген
2.Әдебиет пәнінің мұғалімі.
3.Аудандық кеңестің хатшысы
4.Қазақ радиосының дикторы
5.Республикалық газеттің тілшісі
6. Өлеңдеріне жазған әндері-45-ке жуық
7.“Армысың дстар”, “Шуағым менің”,
“Дариға жүрек”, “Өмір дастан”, “Өмір өзен”т.б.өлеңдер жинағы бар
8.35 мың өлең жазған ақиық ақын.
2.Алдымен өеңді оқымас бұрын «фантазия»сөзінің мағынасын ашып алайық.
“Топтастыру” стратегиясы
арқылы оқушыларға фантазия сөзінің мағынасын ашу
Ертегі Қиял
Фантазия
Арман Сиқыр
|
Оқушылар ақын өмірімен танысады.
|
Ақпараттық құзыреттілік
Ақпарат көздерін таңдап,өздеріне қажет материалдарды таба біледі.
Өлеңді мәнеріне жеткізіп оқуға үйренеді.
Әдебиет теориясымен
танысады.
|
IҮ. Жаңа білімді мұғалімнің көмегімен бекіту.
|
3.Кітаппен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу.Негізгі идеясын ашу.
4. Өлеңді құрлысына қарай Сатылай кешенді талдау жасау
Авторы: Мұқағали Мақатаев-ақиық ақын.
Идеясы-ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықтың байланысы
Жанры-өлең(поэзия)
Шумағы-4
Тармағы-17
Бунақ саны-2-3
Буын саны-11
Ұйқас түрі-шұбыртпалы ұйқас
|
Оқушылар жаттығу жұмыстарын орындайды.
Оқушылар өз бетімен жұмыстанады.
Өлеңге қатысты өз ойларын айтады.
Осы жоспар бойынша оқушылар шумақтарға бөліп, мәнерлеп оқиды.
Өлең құрылысына талдайды.
|
Алған білімдерін қорытындылау мақсатында берілген тапсырмаларды орындайды.
Оқушы қызығушылығын арттырады
|
V. Жаңа білімді оқушының көмегімен бекіту.
|
5. “Түртіп алу ”стратегиясы
Өздеріне таныс және таныс емес сөздердің астын сызу.
-Ертегілердің_қандай_түрлері_бар___-Қиял_ғажайып_ертегі_дегеніміз_не__6.Бекіту_сұрақтары'>-Бұл сөздерді қай тақырыпты өткенде жие қолдандық?
-Ертегілердің қандай түрлері бар
-Қиял ғажайып ертегі дегеніміз не?
6.Бекіту сұрақтары.
Өлең мен ертегі арасындағы байланысты ашу
а)Өлең мен ертегі арасындағы байланысты ашу
Жеті қат жерің мына төңкерілген,
Жеті қат аспанымен көмкерілген,-деп ақын неге санмен өлеңді бастайды?
Ертегі оқиғаларында қандай сандар кездеседі?
Біздің қазақ халқында қандай сандар киелі деп саналады?
ә) Қиялдап, менің дана байғұс бабам,
Алайда,атқа мініп ,Айға ұшпаған
Бабамның қиялымен қанаттанып,
Бүгін мен Айға қонып,жайды ұстағам.
Ақынның осы жолдары шындыққа жанаса ма?
-Балалар ,ата-бабаларымыздың қиялынан туған оқиғалармен бүгінгі шындықтың байланысы бар екен.Ертеде ата-бабаларымыз қиялдаған кілеммен ұшу,айға қонып,жайды ұстағаны,қазіргі таңда ұшақ,тік ұшақ,ғарыш кемелері алмастырып отыр.Ертегідегі қиял бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр. Ақын ағамыздыңда айтқысы келгені де осы шындықпен байланыс екен.
|
Таныс емес сөздер: Галилей,Коперник-жер мен жұлдыздарды
зерттеген Еуропа ғалымдары
Таныс сөздер: Жеті қат жер,қиял,ертегі,ғаламаттар,
жеті қат аспан.
-Ертегілерді
-1/Хайуанаттар туралы ертегілер
2/Қиял ғажайып ертегілері
3/Шыншыл ертегілері
|
|
YI.Үй тапсырмасы.
VII.Бағалау.
VIII.Қорытындылау.
|
Шығармашылық жұмыс
“Мұқағали ағаға хат”
Ертегі,арман сөздеріне (фонетикалық)математикалық тәсілмен мінездеме беру
“Фантазия”өлеңін жаттау
Сабаққа қатыса отырған оқушыларды бағалау
Сабақ аяқталды,сау болыңыздар!
|
Бағаланды
Сау болыңыз!
|
Үйге берілген тапсырманың мазмұнын түсінеді.
Сабақтан алған әсерлерін қағазға түсіреді
Құзіретілікке жеткізетін мақсат міндеттерді орындай отырып,сабақ өз мақсатына жетеді.
|