И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназия
Тақырыбы:
Пән мұғалімі: Баймбетова А.Б.
Тараз 2015 жыл
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы:
Пән мұғалімі: Баймбетова Айгүл Байшымырқызы
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Қара өлең»
Сабақтың мақсаты: Ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу; оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері: 1.ХХ ғасыр ақындарының өмірі мен шығармаларымен танысу
2.Шығармалардың идеясын ашып, кейіпкерлерін суреттеу
3.Шығарманың мазмұнын өмірмен байланыстыру
Оқытуда қолданылатын стратегиялар мен тәсілдер: Түстермен топқа бөлу, бөлімдерге бөлу, топтық жұмыс, «Қиял шамы» тәсілі
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын еркін айтуға дағдыланады;
Пікір алмасуға, көшбасшылық жасауға үйренеді;
АКТ- мен жұмыс жасай білуге дағдыланады;
Өзін және өзгелерді бағалауға дағдыланады.
Ұйымдастыру кезеңі
Сергіту сәті
Амандасу
Сыныпты ұйымдастырып, оқушылар зейінін тұрақтандыру
«Мозайка»тәсілімен топқа бөлу.
Алтын ереже
Белсенді қатысу
Уақытпен санасу
Бірін-бірі тыңдау
Ойын ашық айту
Ынтымақтастықпен білім мазмұнын меңгеру
Әркімнің ойы құнды
Оқушылар орнынан тұрады
Оқу-құралдарын түгендеп, сабаққа назарын аударады
«Мен қазақпын» әніне билеп, сергиді.
Үш топқа бөлінді
Жыр сүйер қауым біртіндеп
Жиналып жатыр ақырын
Тыңдамақ бүгін ақынның
Маржандай сұлу жырларын
Ақын ше,
Ақын келмеді....
Бос күтті төрде бір орын
Бүгін арамызда ақын жоқ, егер арамызда тірі болғанда биыл 84 жасқа келер еді, ақпан айында туылған күнін біздің мектеп ғана емес, республикалық деңгейде тойланған. Бұл ақын кім?
Мағынаны тану
Жаңа тақырып
Білімді игеру
І топ
|
ІІ топ
|
ІІІ топ
|
Бала Мұқағалидан дана Мұқағалиға дейінгі тарихи тізбе
|
Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығы
|
«Қара өлең» өлеңіне сатылай кешенді талдау
|
1 Авторы - М.Мақатаев (1931-1976) Қазақтың ақиық ақыны. Алматы облысы Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген..
2. Тақырыбы: Тіл өнері, өлең - жыр құдіреті.
Тақырып - автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы.
3 Жанр түрі - поэзия (өлең)
Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен келетін өрнекті сөз жүйесі.
4 Идеясы - халық өмірін қастерлеу, сөз өнерін бағалау, ел алдында кішіпейіл, ізетті болу, борышын адал атқару.
Идея-тақырып арқылы автордың айтайын деген ойы мен мақсаты, арманы.
5 Шумақ саны- 4
6 Тармақ саны-16 тармақты
7 Бунақ саны-3 бунақты
8 Ұйқас түрі- қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)
9 Әдеби теориялық ұғымдар:
Эпитет-сұмдық сыр, жат жер, қара көз;
Метафора- құдіретім, дәл өзіндей, күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын.
Ауыспалы мағынадағы сөздер:
Қазақтың қара өлеңі қаза болса,
Көзден неге қара қан ағызбайын.
10 Негізгі түйін, тәрбиелік мәні. Қара өлеңді қастерлеуге тәрбиелейді.Сөз өнерін жетік меңгеруге, ұлттық құндылығымызды дәріптеуге үйретіп, патриоттық сезімді оятады.
Сатылай кешенді талдау
1. Авторы
2. Тақырыбы
3. Жанр түрі
4. Идеясы
5. Шумақ саны
6. Тармақ саны
7. Бунақ саны
8. Ұйқастүрі
9. Әдебитеориялықұғымдар
10. Негізгітүйін, тәрбиелік мәні
Оқушылар ойларын постерге түсіреді, қорғайды
Ой толғаныс
Қорытындылау
Оқушылар шамға қарап, қиялға ерік бере отырып, ақынға арнау жазады
«Қиял шамы» (эссе)
Әр топқа шам беріледі.
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали мәңгі тірі, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Ендеше оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.
Марқайып, мақтан тұтар жыр әлемі
Ұлы ұлттың, ұлы өнердің мұрагері.
Қазақтың қайта тумас Мұқаңы да,
Қасиетті қара өлеңнің құлагері!
Тәңір қысқа еткенмен ғұмырыңды,
Тектілікпен тұрғыздың тұғырыңды,
Қара өлеңнің құлагері-Мұқағали
Қолдай гөр ізіңе ерген құлыныңды,- өзіңіз құлагер боп, біз құлындарың боп ізіңді жалғастырудамыз.
Бағалау
Ойларын қорыту
Өзін және өзгелерді бағалайды
Үйге тапсырма
Ойларын тұжырымдау
Өлеңді жаттап келу
Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |