Сабақты бағалау: 24 сәуір
Сабақ қалай өтті?
Не сәтті өтті?
Бұл сабақ Маршрут картасы арқылы құрылды.Сабақ бастамас бұрын психологиялық тренинг жүргізе отырып, оқушы ойын жинақтап, өздерінің ұнататын жыл мезгілдері арқылы топтарға (4) бөлдім.Көңіл-күй, ойларын бір түйіп алып, аздаған түсінік бердім.Суреттер бере отырып,оқушы қызығушылығын ояттым.Әрі қарай сабақ ой қозғау, ой жинақтау, жаңа тақырыпты ашу, қорытындылау сияқты бөлімдермен жалғасын тапты.Сабақ барысында талдау, салыстыру, өзіндік ерекшеліктерін табу сияқты жұмыстанрмен жандана түсті.Оқушылар керек тұстарында ғаламтордан, қосымша оқулықтардан көмектер алып отырды.бұл сабақта Алмагүл, Алмаз, Жоламан секілді оқушылар белсенділік көрсетіп, өз ойларын тез, шапшаң әрі ұтымды жауаптармен жеткізіп отырды.Топтық жұмыс бұрынғыдан да жақсарып, оқушылар бірігіп жұмыс жасаудың мәнін бұрынғыдан да анық сезінді. Белсенді оқушылардың құрамы көбейді, бәрі бірігіп, бірін- бірі жетеледі.
Не сәтсіз өтті?
Ғаламтордан материалдар іздегенде техникалық іркілістер болып, уақыт кетіп қалды.Қанатты сөздерді салыстырғанда ой қайталаулар кездесіп, алғашқы айтылған пікірлер қайталанып кетті.
Қандай күшті жақтарға сүйендіңіз?
Аз уақытта ауқымды жұмыс жасауға болатынына көзім жетті.Сол ретте оқушы белсенділігіне көп көңіл бөлдіп, өзім аз энергия жұмсадым.
Нені дамыта аласыз?
- топтық жұмысты әлі де дамытуға болады;
-оқушының анық әрі әдеби сөйлеуін, пікірін еркін жеткізе алуын;
Сабақ жоспары 4 сабақ.
Мерзімі: 25.04.2014
Уақыты: 09.45-10.30
Сыныбы.11 «а»
Пән атауы: әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Ақын поэмалары. «Қызыл кітап» поэмасы.
Сабақтың мақсаты: Ақын поэмаларымен танысу. «Қызыл кітап» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу.
Міндеттері: Поэмалардың ерекшеліктерін табу,түсіну;оқушылардың баяндау қабілеттерін арттыру, жауапкершілікке, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
Қолданылатын модулдер:Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, оқудағы көшбасшылық, ОүБ
Стратегиялық іс- әрекет: «Ой шақыру», «Үш оқушымен кеңес», «Кезектесіп қайталау».
Уақыт өлшемі
|
Жұмыс мазмұны
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқушылардың іс- әрекеті
|
Ресурстар
|
3 мин
|
І.Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі.
Топ ұстанымы.
|
Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу,амандасу, түгендеу, топ ұстанымын еске түсіру.
|
Сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді.
|
ереже
|
3 мин
|
Қызығушылықты ояту.
|
Бейнетаспа көрсетемін. (Табиғат қызықтары.)
|
Оқушылар бейнетаспа бойынша өз ойларын ортаға салады.
|
Бейнетаспа.
|
4 мин
3 мин
|
Мағынаны тану.Оқушының мағынаны тануы.)
Жаңа тақырып.
|
Ақын поэмаларын атап кету.
Мұғалімнің дерегі.
|
Оқушылар поэмалар туралы деректерін ортаға салады.Өткен сабақта еске түсіреді.
Оқушылар мұқият, ден қойып тыңдайды.
|
Компьютер, ғаламтор материалдары.
презентация.
Компьютер, ғаламтор материалдары.
|
2 мин
|
Топты ауыстыру.
|
Түстер бойынша топтар бөлінеді.
|
Түстерді таңдай отырып, оқушылар топтарға бөлінеді.
|
Түрлі- түсті фигуралар.
|
4 мин
|
Ой қозғау.
|
Бейнетаспа. (Экология мәселесі туралы.)
|
Бейнетаспа бойынша оқушылар топтарда ойларын талқылап, жеткізеді.
|
Компьютер.
|
5 мин
|
Ой жинақтау .
|
-Поэма қай жылы жазылған?
-Шығарманың тақырыбы.
- Шығармадағы ой- түйін қандай?
|
Оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
|
Қосымша материалдар, оқулық.
|
4 мин.
|
Тақырыпты ашу.
(сипаттау)
|
1.Оқиға қалай басталады?
2. Оқиға қалай өрбіді?
3. Оқиға қалай аяқталды?
|
Жаңа тақырыпты оқушылардың көмегімен ашу.
|
Поэмадан үзінділер.
|
4 мин
|
Талдау.
(Үш оқушымен кеңес. АВС әдісі )
|
А- сұрақ қоюшы
В- жауап беруші
С- жазушы
|
Оқушылар өздеріне берген міндеттерді орындайды.
|
Презентация, флипчарт, маркерлер.
|
2 мин
|
Сергіту сәті.
|
Би биленеді.
|
Экранда берілген биді қайталайды.
|
Интерактивті тақта, компьютер
|
4 мин
|
Кезектесіп қайтала.
|
І топ
Автор неге мазасызданды?
ІІ топ
Ерекшеленген жолды түсіндір?
ІІІ топ
Құлан, керік туралы не білесің?
|
Берілген тапсырмаларды оқушылар кезектесіп қайталай отырып, тапсырмаларды орындайды.
|
Өлең жолдары жазылған парақшалар.
|
2 мин
|
Рефлексия.
|
Оқушыларға түрлі түсті стикерлер таратылады.
|
Стикерлерді берілген смайликтердің тұстарына жапсырады.
|
Смайликтер,стикерлер.
|
2 мин
|
Үйге тапсырма.
|
1.Қадыр Мырзалиев аудармалары туралы деректер жинау.
2. Шығармаға дайындық жүргізу.
(Мен де бір табиғаттың перзентімін)
|
Оқушылар тапсырмаларды күнделіктеріне,
дәптерлеріне жазып алады.
|
Ғаламтор материалдары, ақын шығармаларының жинағы.
|
3 мин.
|
Бағалау.
|
Бағалау парақшаларын жинау.
|
Оқушылар:
-бағалаушы;
-басқарушы, жетелеуші;
-таймкипер;
-барлаушы;
Оқушылар өз міндеттері бойынша жұмыстар жасайды.
|
Бағалау парақшалары.
|
Сабақты бағалау: 25 сәуір
Сабақ қалай өтті?
Не сәтті өтті?
Төртінші сабағым «Қызыл кітап» поэмасының тақырыбы мен идеялық мазмұны тақырыбында өтті.Бейнетаспа арқылы оқушы қызығушылығы арттырылды.Өткен сабақ қысқаша рефлективті түрде қайталанды.Мағынаны танығаннан кейін, оқушылар шағын топтарға түрлі- түсті стикерлер арқылы топтастырылды.Бейнетаспа арқылы ой қозғалып, ой жинақтау жұмыстары жүргізілді.Оқушылар интерактивті тақтамен жұмыстар жүргізді.Тақырыпты ашып, мақсатқа идея қосты. Тақырыптың мәнін ашу үшін «үш оқушымен кеңес» стратегиясын қолдандым.Оқушылардың ойын еркін, ашық жеткізу мақсатында «кезектесіп қайтала» әдісін қолдандым.Бұл әдістер оқушы қызығушылығымен бірге белсенділігін де арттырды.Бағалаудың жаңа түрін қолдануым ең сәтті жұмыстың түрі болды. Жалпы алғанда менің жұмысымның ілгері басуына бүгінгі қолданған әдіс- тәсілдерім көп көмек болды.
Не сәтсіз өтті?
Әр түрлі міндеттер тапсырылып, бағалау кезінде оқушылар алғашқы сәтте бірден түсіне алмай уақыт кетіріп алдым.
Қандай күшті жақтарға сүйендіңіз?
Сабақ барысында көшбасшы оқушыларға үлкен міндеттер жүктеп, өзге лерге бағыт- бағдар беруді еске салып отырдым.
Нені дамыта аласыз?
- топтық жұмысты әлі де дамытуға болады;
- көшбасшы тұлғалар тәрбиелеу;
Достарыңызбен бөлісу: |