Шумақ-шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді
Тармақ. Шумақтағы әрбір жол, қатар (Тармақ – өлеңнің әр жолы)
Бунақ. Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі
Буын – сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)
Ұйқас- өлең-жырлрда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтардың
буындарымен үйлесуі.
Ұйқас түрлері: Қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс
ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас.
Е) Дәптермен жұмыс:
Теңеу деген не?
-Затты не құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.
Теңеу сөздерді жазу: күлдей шашы, жыландай иірілмейді, құрандай сөзі жоқ.
Метафора деген не?
-Метафора-грек тілінен аударған-ауыстыру деген мағына береді. Құбылтудың бір түрі. Суреттеп отырған затты не құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысты баулу.
Метафора: қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Эпитет деген не?
-Эпитет (айқындау) –заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету
Эпитет: күңгірт, сұп-сұр көр, жабайы жар, ұйқы басқан қабағы
"Сүйемін" атты өлеңін ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта салғандай. Одан кейін ақын:
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол елімді сүйемін.
Сағым сайран кұрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы,
Сарыарқа деген жерім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол Арқамды сүйемін! –
деп, өзінің туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін жайып салады.
Аудармасы:
Әуезхан Қодар 1989 жылдан бастап м. Жұмабаевтың өлеңдерін аударумен айналысады.Әуезхан Қодар-мәдениеттанушы, ақын-аудармашы, «тамыр» журналының бас редакторы.
Достарыңызбен бөлісу: |