Сабақтың тақырыбы: «Махамбеттің Баймағанбетке айтқаны»



Дата08.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#124933
түріСабақ
Байланысты:
9-сабақ Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны


ҚМЖ

Бөлім:

2 - бөлім: «Тарихи шындық пен көркемдік шешім»

Мұғалімнің аты-жөні:

Жумашева Гульжанар

Күні

19.10.2021

Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 9-сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Махамбеттің Баймағанбетке айтқаны» толғауының стилі

Оқу мақсаттары:

9.2.3.1– шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Сабақ мақсаты:

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Бағалау критериі:

  • өлеңнен көркемдегіш құралдарды табады.

  • көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтайды.

Сабақтың барысы

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтың әрекеті



Оқушының әрекеті

Бағалау Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда

Сәлеметсің бе?
9-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабатың тақырыбы: «Махамбеттің Баймағанбетке айтқаны» толғауының стилі
Сенің білетінің:«Махамбеттің Баймағанбетке айтқаны» толғауы
Сенің меңгеретінің:

  • әдеби шығармадағы психологизммен танысасыз;

  • ақын өлеңдеріндегі көңіл-күй, ой-толғамды талдайсыз.




Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

3-5 минут

Жаңа сабақ
4, 5 - слайдтар

Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау

Ой қозғау.
“Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны” - дейтін ұзақ өлеңі даңқты халық көтерілісінің алдарына қойған негізгі нысанасын айқындауға болсын, көтерілістің туу себептерінің тамыры тереңде жатқандығын, хан-сұлтандарға халық наразылығы арғы заманнан келе жатқандығын көрсетуде болсын – мәні зор»
Қажым Жұмалиев

«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» деген өлеңін Махамбет 1840-1846 жылдар аралығында Баймағамбет сұлтанның қарамағындағы жерлерді паналап жүрген кезінде шығарған. Бұл өлең негізінен он төрт бөліктен құралған. Адуынды ақын – Махамбет өз өлеңінде Баймағамбет сұлтанның ақсүйектен шыққан ел билеуші екендігіне қарамай, аяусыз шенеп, бет-пердесін ашып, халықтың халін ашына айтады.









1-3 минут

Жаңа сабақ
6 - слайд




Тақырыптық ақпарат


ӘДЕБИЕТТЕГІ ПСИХОЛОГИЗМ

  • Психологизм - кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереғарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе.

  • Психологизм - адамның көңіл-күй, ой-толғам болмысы төңірегіндегі нақты материалдық құбылыстар сырын түсінуге ұмтылу. Қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізудің амал-тәсілдерінің жиынтығы.

  • Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің рухани ішкі әлемінің көркем бейнеленуі: әдеби қаһарманның ой-санасының, эмоцианалдық көңіл-күйінің, сезімдерінің құбылуы, толқуы, өзгеруі.







1-3 минут

Тапсырма
7,8 - слайдтар

1-тапсырма
Жұптық жұмыс
Мұғалім оқуышларды ынтымақтастыққа баулып, сауатты жазуға, сөйлеуге дағдыландырады.



1 – тапсырма.
Берілген үзіндіде Махамбет ақынның қандай көңіл-күй, ой-толғамы сипатталған?

Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Теңдікті, малды бермедік,
Теңдіксіз малға көнбедік.




Еділ мен Жайық жер еді-ау,
Мекен еткен шаруаға,
Жағасы қорған жай еді-ау.
Жай-қоныстан айырылып,
Біз бір қаңғып жүрген қарашы.
Қайта-қайта іздетіп,
Менде қандай ауыр ақың бар еді-ау?!




Өзіңді тексер

Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Теңдікті, малды бермедік,
Теңдіксіз малға көнбедік.

Ел үшін, жер үшін шайқастағы табандылықты, өр мінезді мақтанышпен жырлайды. Оны «егестік», «жандастық», «Қиғаш үшін қырылдық», «көнбедік» деген жалынды сөздері арқылы баяндайды.

Еділ мен Жайық жер еді-ау,
Мекен еткен шаруаға,
Жағасы қорған жай еді-ау.
Жай-қоныстан айырылып,
Біз бір қаңғып жүрген қарашы.
Қайта-қайта іздетіп,
Менде қандай ауыр ақың бар еді-ау?!

Ақын қазақ халқының бейбіт өмір сүрген кезін ерекше сағынышпен еске алып, толғанады. «Еділ мен Жайық жер еді-ау, Мекен еткен шаруаға, Жағасы қорған жай еді-ау» - деп жырлай келе, «Менде қандай ауыр ақың бар еді-ау?!» дейкеле, ашу-ызағабулығады.





1-3 минут

Тапсырма
9, 10 - слайдтар

2-тапсырма
Жеке жұмыс

Мұғалім бағыт, бағдар беріп, қосымша ақпараттар береді.





2 – тапсырма
Махамбет ақынның ой-санасы, эмоцианалдық көңіл-күйі, сезімдері қалай құбылып, толқиды?

Ханнан кегімді ала алмай,
Арқаның алпыс екі саласына барғанда,
Айдаһардай арбадың,
Арбадың да қалмадың.
Қайрат қылар ер біз болсақ.
Заманымда болған «сұлтаным»
Бізді жіпсіз байладың.
…Шамдансам жығар асаумын,
Шамырқансам сынар болатпын,
Кәр қылар деп, «тақсыр-ау!»
Аяғыңа бас ұрман.
Бәйеке «сұлтан», ақ сүйек,
Қыларың болса қылып қал,
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін, жасырман!




Өзіңді тексер



Ханнан кегімді ала алмай,
Арқаның алпыс екі саласына барғанда,
Айдаһардай арбадың,
Арбадың да қалмадың.
Қайрат қылар ер біз болсақ.
Заманымда болған «сұлтаным»
Бізді жіпсіз байладың.
…Шамдансам жығар асаумын,
Шамырқансам сынар болатпын,
Кәр қылар деп, «тақсыр-ау!»
Аяғыңа бас ұрман.
Бәйеке «сұлтан», ақ сүйек,
Қыларың болса қылып қал,
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін, жасырман!

Ақын Махамбет Өтемісұлы ханның алдауына түскенін, шарасыздығын «Айдаһардай арбадың, Заманымда болған «сұлтаным» Бізді жіпсіз байладың» – деп жеткізе келе, «сұлтаным» деген мысқыл сөзі арқылы оның халық жағдайын ойламайтын қиянатшыл, озбыр ел билеушісі екенін бетіне басады. Бір сәтте батыр әрі ақын Махамбет «Шамдансам жығар асаумын, Шамырқансам сынар болатпын» – деп ашуға беріліп, «Кәр қылар деп, «тақсыр-ау!» Аяғыңа бас ұрман» – деген сөздерімен хан-сұлтандардан қорықпайтынын, батылдығын, алған бетінен қайтпайтынын өткірлікпен осып түседі.




сөзімен ынталандыру

1-3 минут

Тапсырма
11, 12 - слайдтар

1-тапсырма
Жұптық жұмыс
Махамбет Өтемісұлы»
Бейнематериалындағы ақын өлеңін тыңдап, өлең мазмұны мен өлеңді мәнерлеп оқушының дауыс ырғағын салыстыра талдаңыз



3 - тапсырма
«Махамбет Өтемісұлы»
Бейнематериалындағы ақын өлеңін тыңдап, өлең мазмұны мен өлеңді мәнерлеп оқушының дауыс ырғағын салыстыра талдаңыз.


https://www.youtube.com/watch?v=p9CexAqM80o
23:34 – 25:50












«Мен, мен, мен едім» - деген өлең жолдарында ақын өзіне өте сенімді, өткір мінезді. Өлеңді мәнерлеп оқушы ақынның сезіміне сай дауысын көтеріп, әр сөзін нығарлап оқиды. Өлеңдегі ақын психологиясын дәл жеткізіп тұр. «Хан баласы ақсүйек» деген тармақта «ақсүйе-е-е-к» сөзін дауысын зорайтып, созып айтады, себебі Махамбеттің ішкі сезімінде Баймағамбет сұлтанға реніші, оған деген жеккөрушілік бар.





30 – 45 секунд

Қорытынды
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия



Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды.



Бүгінгі сабақта:

  • Әдеби шығармадағы психологизммен таныстыңыз.

  • Ақын өлеңдеріндегі көңіл-күй, ой-толғамды талдадыңыз.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.






30 – 45 секунд

Қосымша тапсырма






https://www.youtube.com/watch?v=p9CexAqM80o
Махамбет Өтемісұлы туралы деректі фильм ақынның тоғыз жырына негізделіп жасалған. Ақын позиясынан оның драмаға толы өмірін көріп соны экранға шығаруға тырыстық. Фильмді түсіру барысында басымыздан өткен қиындықтар бізді мойытпай қайта шынықтыра түсті. Тіпті кей кезде Маамбет атамыз жанымызда жүргендей әсерде болған кездеріміз де болды. Бұлменіңтворчествомдағыбір асу.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет