Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Пән: «Философия»
Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Пән: «Философия»
Дәріс-презентация №1
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні және қызметтері
Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша
Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна
Қарағанды – 2020 -2021 оқу жылы
Дәріс 1. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні және әдісі
1. Ойлау мәдениетінің пайда болуы
2. Дүниетанымдық мәдениеттің қалыптасуы
3.Философия – білімнің және рухани мәдениеттің ерекше түрі
4. Философияның пәні және қызметтері
Ойлау дегеніміз не?
Ойлау – адам санасының қасиеті: дүниені жалпылау және абстрактілеу жолымен бейнелеу (лат.: «abstractio» - бөлек қарастыру, жалпылау).
Ойлау ұғымдарды қалыптастырудан басталады және пайымдау мен ой тұжырымы түрінде дамиды Ұғым – заттың жалпы, мәнді, қажетті, қайталанатын белгілерін бейнелеу
Пайымдау – заттың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының болуын құптау немесе жоққа шығару
Ой тұжырымы – бұрыннан болған пайымдаулардан жаңа пайымдауды шығару
Ойлау мәдениеті
Ойлау мәдениеті адам мен қоғам мәдениетінің көрінісі (лат. «cultura» — «өңдеу», «cult» - «табынушылық»
Демокрит мәдениетті “екінші табиғат”деп атаған. Бұл – адамның қолымен жасалған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы. Соларды жасау барысында ойлау мәдениеті қалыптасты
Ойлау мәдениеті – адамның қоршаған дүниені, болмысты, өз тіршілігін дұрыс бейнелеуге қабілетінің белгілі деңгейі. Бұл адамның жалпы мәдениетінің өте маңызды құрамды бөлігі.