Ойлау мәдениетінің ең жоғарғы деңгейі даналықта көрініс береді.
- мазмұндылығы (білімнің болуы)
- қисындылығы (анықтылық, қайшыласпау, бірізділік, негізделуі)
- креативтілігі (шығармашылық сипаты)
-эврикалық сипаты (жаңа білімге жетуі)
- сыншылдығы
Кант : ойлау мәдениетін дамыту үшін «ойға емес, ойлануға үйрету керек».
Иммануил Кант
(1724-1804), неміс философы
Адамның ойлау мәдениеті қалай қалыптасады ? Жеке дара адамның ойлау мәдениеті – туа біткен қасиет емес. Ол отбасында тәрбие алудан басталады және білім алу арқылы ойлау қабілетінің дамуымен бірге қалыптасады. Оған қоғамның рухани құндылықтары зор әсер етеді. Қоғамның ойлау мәдениеті қоғамдық сананың барлық формаларында – өнерде, моральда, дінде, ғылымда, саяси және құқықтық санада бекемделеді, философияда шоғырланады. Римдік философ Марк Туллий Цицерон өзінің «Тускуландық әңгімелерінде» философияны «жан мәдениеті» («cultura animae») деп атаған, яғни, оның пікірінше, философиямен айналысқан адам рух пен ақылдың мәдениетіне ие болады
Марк Туллий Цицерон
(б.д.д.106—43жж.)
Логикалық (қисынды) ойлау мәдениеті
Ежелгі грек философы Аристотель қисынды ойлаудың үш негізгі заңдарын тұжырымдап берген:
1) «тепе теңдік заңы»: ой өзі-өзіне тепе-тең болуы керек;
2) «қайшыласпау заңы»: бір зат туралы екі қарама- қарсы пікір бірдей ақиқат бола алмайды, екеунің бірі міндетті түрде жалған»;
3) «үшіншісін жоққа шығару заңы»: бір зат туралы екі қайшыласқан пікір бірдей жалған бола алмайды: олардың біреуі - ақиқат, екіншісі - жалған, ал үшінші шешім жоқ
Төртінші заңды – «жеткілікті негіздеу заңды» тұжырымдап берген XVII ғ. неміс философы Готфрид Лейбниц: «ой ақиқат деп табылады, егер оның жеткілікті негізі болса»
Достарыңызбен бөлісу: |