Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары. Сабақтың мақсаты



бет3/5
Дата19.02.2017
өлшемі1,57 Mb.
#11056
түріСабақ
1   2   3   4   5

Алжапқыштың сызбасы:

Масштаб 1:4 Размері-40, бойы-156-160.



Жка-40 см. Жба-32см. Жбөк.а- 44 см. Құ-18 см. Тбұ-58см.

22сабақ 5-сынып Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің ішкі көрінісі. Дизайнер мамандығы.



Сабақтың мақсаты: Табиғат материалының көп түрлілігі және оны тұрғын үйді безендіру үшін пайдалану мүмкіндіктері туралы түсінік беру, үйлесімділіктің негізгі принциптерін ескеріп, композицияға өсімдіктерді дұрыс таңдап үйлестіре білуге үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Еңбек пен тұрмыс мәдениетіне, эстетикалық талғам мен ұқыптылыққа, зеректікке тәрбиелеу.

Сабақты дамыту: Шығармашылықты түрде ойлауды, сұлулық пен үйлесімділікті қабылдай білуді, көзбен мөлшерлеуді дамыту.

Сабақтың әдісі: Суретпен мысал келтіре отырып (әңгімелеу, көрсетіп айту), индуктивтік (жай нәрседен күрделіге ауысу), репродуктивтік (өз бетінше жұмыс істеу), зерттеулік ( неғұрлым үйлесімділікті ішінара іздестіре таңдау) әдістерімен түсіндіру.

Пәнаралық байланыстар: Биология, тарих, бейнелеу, математика (пропорциялау).

Керекті материалдар: Кептірілген өсімдіктер. Композициялар үлгілері.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қатысуға бақылау жасап, киімі мен сабаққа әзірлікті тексереді.

Жаңа сабақ

Тұрғын үй құрылысы - тұрғын үйлер, тұрақты тұрпаттағы жатақханалар, мүгедектер мен қарттарға арналған үйлер, балалар үйлерінің жатын корпустарын, т.б. салу. Тұрғын үй қаласының көлемі іске қосылған, пайдалануға берілген жалпы және тұрғын алаңының шаршы метрімен, салынған пәтерлердің, үймереттердің санымен сипатталады.

Статистикалық қадағалау нысанында салынған тұрғын үйлердің көріктілігі, қабаттылығы, жайлылығы деңгейінің көрсеткіштері де қамтылады. Қазақстанда тұрғын үй нарығының қалыптасуы, соның ішінде тиісті несие-қаржы тетігінің әзірленуі елдегі эконоимка реформалардың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік Тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бірте-бірте өрістетілуіне байланысты беймемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын, ең алдымен халықтың меншікті қаражатының тартылуын ынталандыру шаралары қолданылды.

Тұрғын үй құрылысы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Республика Үкіметі осы бағдарламаны іске асырудың 2005 – 07 жылдарға арналған іс-шараларының жоспарын әзірлеп, қабылдады. Жоспарда мынадай ұйымдық іс-шаралар кешені көзделді: Тұрғын үй қаласын дамытудың өңірлік бағдарламаларын дайындау; облысы мәні бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеу; облыс орталықтарының, Астана, Алматы қаласыларының құрылыс салынатын болжалды аудандарының егжей-тегжейлі жоспарларының жобаларын әзірлеп, келісу; Тұрғын үй қаласының, инженерлік желілер мен коммуникациялардың жобалықаласысметалық құжаттамасын әзірлеу, сараптау және бекіту; тұрғын үйлерді салуға байқаулар өткізу; бюджеттік қаражат есебінен салынатын тұрғын үйлердің жобалануын келісу; мемлекеттік қаражат есебінен тұрғын үйлерді салу үшін қалалық құрылыс жүйесінде тұрғын үй көшелері мен орамдары орналасатын жерлерді, ұтымды көлемдікөліжоспарлық, құрастырымдық және инженерлік шешімдерді айқындау. Нарықтық жағдайда ипотекалық несие беру тұрғын үй саласына инвестиция тартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Ол халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту, банктердің тиімді де табысты жұмыс істеуі, құрылыс кешендерінің ырғақты жұмыспен қамтылуы мүдделерін келісуге мүмкіндік береді. Осыған орай халықты ипотекалық несиелендіру ісін кеңінен өрістету мақсатымен “Қазақстан ипотекалық компаниясы” (ҚИК) құрылды (2003). Оның жарғылық капиталы қазіргі кезде 2,5 млрд. теңге. ҚИК жұмысының негізгі бағыты – екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несие беруі көлемін ұлғайту үшін ипотекалық несие бойынша талаптардың құқықтарын сатып алу жолымен оларды қайта қаржыландыру. Қс-шаралар жоспарында Тұрғын үй қаласының құнын арзандату үшін отандық құрылыс индустриясын барынша дамыту, қымбат тұратын шетелдік құрылыс материалдарын, бұйымдарын, құрастырымдары мен инженерлік жабдықтарын пайдалануды азайту бағыты белгіленді. Тұрғын үйлердің негізгі сапасы – оның көріктілігі деңгейінің осы заманғы пайдаланушылардың талаптарына сай келуі. 1999 жылы тұрғын жайларды бір жолғы зерттеудің қорытындылары соңғы жылдары іске қосылған тұрғын үйлер жайлылығы мен көріктілігі жағынан ерекшелене түскенін көрсетті.

ҮІІІ. Қортынды кезең.

Жұмыс орны мен кабинетті тазарту.

23сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің мәдениетіне ерекшелік сиппатары

Сабақтың мақсаты: Табиғат материалының көп түрлілігі және оны тұрғын үйді безендіру үшін пайдалану мүмкіндіктері туралы түсінік беру, үйлесімділіктің негізгі принциптерін ескеріп, композицияға өсімдіктерді дұрыс таңдап үйлестіре білуге үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Еңбек пен тұрмыс мәдениетіне, эстетикалық талғам мен ұқыптылыққа, зеректікке тәрбиелеу.

Сабақты дамыту: Шығармашылықты түрде ойлауды, сұлулық пен үйлесімділікті қабылдай білуді, көзбен мөлшерлеуді дамыту.

Сабақтың әдісі: Суретпен мысал келтіре отырып (әңгімелеу, көрсетіп айту), индуктивтік (жай нәрседен күрделіге ауысу), репродуктивтік (өз бетінше жұмыс істеу), зерттеулік ( неғұрлым үйлесімділікті ішінара іздестіре таңдау) әдістерімен түсіндіру.

Пәнаралық байланыстар: Биология, тарих, бейнелеу, математика (пропорциялау).

Керекті материалдар: Кептірілген өсімдіктер. Композициялар үлгілері.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қатысуға бақылау жасап, киімі мен сабаққа әзірлікті тексереді.

ІІ. Өткен материалды қайталау. (сканвордтар, карточкалар, сұрақтар).
Сабақты пысықтай түсу үшін оқушыларға мынандай сұрақтар қоюға болады:

1.Композицияның негізгі стильдері қандай?


2. Үйдің ішін безендіруге арналған гүлдердің қандай пішіндерін білесіңдер?

ІІІ. Жаңа материалды баяндау.

Пайдаланылатын өсімдік түрлері және оларды дайындаудың әдістері. Әр алуан табиғи материалдардан құрғақ шөптерден, гүлдерден, жапырақтардан, бұтақшалардан жасалған композицияларды тұрғын үйлердің, офистердің мәдениет сарайларының және басқа ғимараттардың ішкі бөлшектерін безендіруге пайдаланады. Кез келген миниатюралар тіршіліктің сан алуан оқиғаларына арналған тамаша сыйлықтар бола алады.


Құрғақ композициялар пайдалануға өте ыңғайлы, ұзақ сақталады, арнайы күтімді қажет етпейді.Өсімдіктерді түрлендіріп орналастыру арқылы сан алуан композициялар құрауға болады. Кептірілген өсімдіктердің көмегімен көңіл күйге және әсемдік тақырыбына сәйкес келетін гүлдер бейнесін және композиция түлерін құрастыруға болады.
Жасалатын композицияның түрлі түсті гаммасы мен қалыбы таңдалып, айқындалғаннан кейін ғана өсімдіктер мен бояуларды таңдайды.
Негізгі үсыныс. Керекті түстерді таңдап алғаннан кейін гүлдерді және басқа түстегі өсімдіктерді (алтын, күміс, ақ және тағы басқа түстер) таңдау керек.
Батыс елдерінде құрғақ өсімдіктерді өңдеу өнеркәсіптік жолға қойылған. Алайда құрғақ гүлдер өте қымбат тұрады.
Құрғақ гүлдер шоғын дайындаудың бірнеше әдісі бар. Белгілі бір ережелерді пайдаланып, құрғақ гүл шоғын өз бетінше әзірлеуге де болады.
Гүлдерді құрғақ, ашық күндері таңғы шықтары кеуіп, гүлдерін жаңадан ашқан кезде жинау керек. Тұқым қорапшаларын гүлдердің жапырақтары түскеннен кейін қиып тастайды.
Жиналған өсімдіктерді ұзақ уақыт бойы сақтау үшін өсімдіктерді бірнеше әдіспен консервациялайды. Алайда әрбір әдіс белгілі бір өсімдікке ғана тән.
Кептірілген өсімдіктерді құрғақ, салқын, жақсы желдетілген күн сәулелері түспейтін орындарға қояды. Құрғақ гүлдерді тығыздап жабылған жәшіктерде, ал дәнді бақша және дала гүлдерін сусыз ыдыстарда, дәкемен жауып сақтайды. Кептірілмейтін материалдар (жаңқалар, жаңғақтар, каштан, емен жаңғақтары кептірілген өсімдіктерден бөлек сақтайды.

Құрғақ композициялардың стильдері мен түрлері. Флористикада композициялардың өте көп түрлері болады. Флористикадағы композицияның ерекшклігі-бір композицияда безендіру материалының бірнеше түрін пайдалануы: кептірілген гүлдерді және

жасанды өсімдіктерді. Жасанды өсімдіктердің өзі алуан түрлі болады: дайыны, дүкеннен сатып алынғаны, қағаздан, жібектен, табиғи материалдан жасалғаны және тағы басқа. Флористикада ыдыс ретінде әр түрлі пішіндегі кәрзеңкелер, сабаннан жасалған баулар, шарлар, пенопластан жасалған сақиналар, сымдар және басқа да материалдарды жиі пайдаланады. Ұстағыш ретінде де фитодизайнның басқа түрлері сияқты сол материалдарды пайдаланады. Алайда басқа материалдарға қарағанда құрғақ пиофлор, ермексаз, пенопластарды жиірек қолданады.
Сондай-ақ каремано-құрғақ, әдейі ширатылған талдың, төмен қарай майысқан қайыңның бұтақтарынан немесе қызыл тал қосылып жасалған композициялардан тұрады және өте әдемі көрінеді.
Сюжетті құрастырылмалы өрнектерді тұрмыс заттарын, опа салғыштарды,түйреуіштерді, шымылдықтарды сәндендіру үшін және панно, ашықхаттар, маскалар, жасау үшін пайдаланады.
Сюжетті құрастырмалы өрнекке сабаннан, құрғақ гүлдерден, жапырақтардан, үсақ өсімдіктерден, тамырлардан жасалған құрастырмалы өрнекті жатқызуға болады.
Пейзаждар. Қазіргі кезде пейзаждық композициялар кеңінен қолданылуда. Мұндай композицияларды жайпақ табаққа, қара әйнекке, жіппен, арқанмен оралған шере тақтайға жасауға болады.
Мұндай шағын пейзаждарда бөлшектердің орналасу ретіне ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені әрбір бөлшек жарқырап көрініп тұруы керек. Ағаштар шөптерден, гүлдерден биік орналасады. Ағаш төбесі кесілмейді. Шағын пейзаждарға әр түрлі бұтақтарды, ағаш қожырларын,шөптерді, мүкті, жапырақтарды ұсақ гүлдерді пайдаланады.

Өсімдіктерді, тұрғын үйлерді безендіру үшін пайдаланады. Кез келген бөлме егер онда гүлдерден жасалған композициялар болса, тартымды әрі сәнді болып көрінеді. Гүлдер үйге сұлулық қана әкеліп қоймайды, сонымен қатар үй ішінің осы заманғы дизайнының элементтері болып табылады. Кептірілген гүлдерден жасалған композициялар үйдің ішін әдемілікпен толтыра түседі немесе тамаша бір ландшафтарды еске түсіреді. Олардың нәзік, табиғи көрінісі жазды еске түсіріп, қала пәтерлеріне табиғи әсемдік әкеледі.


Композицияның тұрғын үй ішімен, сәйкес келуінің өзіндік принциптері бар (түс үйлесімі, мөлшері,пропорциялар!.
Кез келген композицияның эстетикалық тұтас болуы әрі үй ішінде орналасқан жеріне жарасып тұруы керек. Үйлесім кез келген композицияның эстетикалық құндылығын айқындайды, бұған ыдыс көрінісі, орналасу орны, пішіні,түр түсі, фактурасы, сызықтары қосылады. Композиция үй ішін толықтырады және байыта түседі.

Масштаб, пропорциялар – бұл өсімдіктер, гүлдер, жапырақтар, вазалар, сондай-ақ дайын композициялар мөлшерінің олар тұратын ғимараттар мөлшерімен арақатынасы.


Композицияның симметриялы, көлемді, жарасымды, пропорционалды, сондай-ақ айналасындағы фонның өсімдік материалымен үйлесімді тұтас болуын ескеру керек. Түсі дәл келген фон гүлдер мен сызықтардың әсемдігі мен үндестігін арттыра түседі. Сондай-ақ жеміс жапырақтарының, сабақтарының, қабықтарының және басқа композиция құрайтын заттардың фактурусын да ескеру керек.
Түс адам миына эстетикалық, физиологиялық және эмоциялық әсер етеді. Гүлдердің тартымдылығы да осында.Жасалатын композицияның түсінің гаммасыменүлгілік пішінін анықтағаннан кейін, өсімдіктер мен бояуларға таңдау жүргізіліді.
Ұсынылатын өсімдіктер: анемон, шамшат, қытай шырағы, көктікен, тұмсықгүл, сомасгүл, үшкір жапырақ, айгүл, барқытгүл, пион, үкікөз, көкнәр, примула, емен, сұлы, раушан, мыңжапырақ және тағы басқалар.

ІҮ. Кіріспе нұсқау.

Табиғи материалдардан жасалған әр түрлі композициялар үлгілерін көрсетемін (суреттер, ашықхаттар, сабандар, гүлдестелер).



Ү. Оқушылардың өзіндік жұмысы.

Өсімдіктердің барынша үйлесімді қалыпта орналасуына арналған гүлдермен тәжірибелік жұмыс; композициянчы сабанмен немесе соған ұқсаған қағазбен бекіту; композиция элементтерінің үйлесімділігінің өзара тексеру және талдау жасау.



ҮІ. Ағымды нұсқау.

Аяқталған жұмыс композициясындағы өсімдіктердің үйлесімділігін тексеру және талдау жасау.

ҮІІ. Қорытынды нұсқау.

Сипаттамалық бағаларға талдау жасау, оқушыларға баға қою,алған білімді бекіту.



Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Өсімдіктер композициясында қандай ұстаным бойынша үйлесуі керек?

2. Өсімдіктерді кептіру мен консервациялаудың тәсілдерін атаңдар.



ҮІІІ. Қортынды кезең.

Жұмыс орны мен кабинетті тазарту.

24сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Ас үй балаларға арналған бөлменің интерьін жасау

Жалпы мақсаттар:- Сабаққа деген қызығушылықты арттыру;


Тақырыпты анықтау;
Тақырыпқа қатысты деректеді жинау, деректердің әр түрін салыстырып, дифференциалды тапсырмалардың көмегімен қолжетімді фактілердің артық, кемшілігін бағалау. Жұппен жұмыс істеу арқылы ойды жарыққа шығару;
Бірін-бірі тыңдау;
Зерделеу нәтижелері: Сабақтың қызықты өтуі үшін алдын-ала жақсы көңіл күй сыйлау;
Жұппен жұмыс істеудің пайдасын түсіну. Тапсырмалардың дұрыс орындалысына мән беріп, зейін аудару;
Өзара немесе өзін-өзі бақылау арқылы нәтижеге жетуді көздеу; Бірін-бірі тыңдау арқылы нақты ой қорытындыға келетіндігін байқау;
Түйінді идеялар: Тақырып барысында кездесетін мағлұматтар мен мәліметтерді бір-бірінен есту арқылы үйренеді;
Жұбын бағалау арқылы топтағы ахуалды жақсартады, қандай да бір оң нәтижеге жетуге ұмтылады. Сол арқылы сабақтың қызықты өтуі өрбиді;
Өзін өзі бағалап артық кем кеткен тұстарын саралап, келесі сабақта оны қайталамауға немесе сол бағытты ұстанып жұмыс жасауға талпынады;

Ұйымдастыру кезеңі


- Сыныптағы оқушылар жұппен отырады;
- Амандасамыз!
- Бүгінгі сабаққа тілек айтамын. (Сабақ сәтті өтсін!). Оқушылар маған тілек айтады;
- Сабақтың күні мен сынып жұмысы тақтада жазылып тұрады.
- Үй жұмысын тексеремін;

Іс-әрекеттер


1 әрекет
Ой шақыру
Тақырыпқа қатысты қандай сөздер қажет екенін оқушылардан сұрап анықтау; Бұрын білгендерін еске түсіру;

Жаңа сөздер:


ас үй- кухня
тоңазытқыш - холодильник
сіріңке -спички
күрекше -совок
сыпыртқы -веник
алжапқыш -фартук
сақтаймыз - храним
тамақ кесетін тақтай - разделочная доска
ас үй орамалы -кухонное полотенце
2 әрекет
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып,орысшаға аударыңдар.Осы мәтінді пайдаланып, өзіңдеріңнің ас бөлмелерің туралы айтыңдар.
Ас бөлмесі
Мынау досымның ас үй бөлмесі. Ас бөлмесінде Артемның анасы тамақ дайындайды. Табада жұмыртқа қуырылып жатыр. Шәйнекте су қайнап жатыр. Үстелде жеміс-жидек салынған ыдыс тұр.Түскі тамақтан кейін ол анасына ас үй бөлмесін тазалауға көмектеседі. Ол ыдыстарды ас үйдегі шкафқа қояды. Олар тамақтарын тоңазытқышта сақтайды.
Тапсырма: Жұбыңмен мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

3 әрекет
Фонетикалық талдау.


Тоңазытқыш, жеміс, шәйнек сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
Бағалау:
Жұбыңмен алмасып фонетикалық талдауды тексер,бағала.
4 әрекет
Сергіту сәті. Жорға биін интерактивті тақтадан көріп,қайталау.
1 мин

5 әрекет
Ас үйдегі артық заттарды атаңдар. Интерактивті тақтада суреттер берілген.


Тапсырманы аяқтаңыз
- Insert әдісі бойынша сабақты қорытындылау үшін кестені толтырады:
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
знать?
- Бағалау.
Оқылымды аяқтаңыз. Үй тапсырмасы: Ас туралы, тағам туралы мақал-мәтел жаттау.

25сабақ 5-сынып



Сабақтың тақырыбы: Дизайнер мамандығымен танысу


Адамның бақыты — адал достар, сүйікті жар мен сүйікті жұмысы. Алғашқы екеуін жүрек қалауымен бұлжытпай таңдасақ, жұмыс жағына келгенде жүрек үнін кейде естімей қалатынымыз бар. Адам табиғаты өзінің не үшін жаралғандығын әркезде біліп, сезе бермейді. Сондықтан болар, жетістік пен абырой барлығына бірдей келе бермейді. Өз орнын таба білетін бақытты жандар ғана ауыр жұмыстан ләззат ала алады. Бүгінгі кейіпкерімізЗарина Даниярқызы қызығы мен шыжығы толы дизайн саласының өкілі. Статусы әлі де студент болғанымен, Зарина таңдауында нық, болашағына сеніммен қарайды.


— Ал киім дизайнына жолың қалай түсті?
— Былтырғы жылдың ақпан айында Kazakhstan Fashion Week-тың дебютанты болған “Jaka Fashion” деген дизайнердің студиясына көмекшілерді қабылдау жүріп жатыр дегенді естіп, сол жерге бардым. Менің эскиздерім, сурет салғаным оларға ұнады. Содан бастап киім дизайнына да қызығып, осы саланы меңгере бастадым.

— Ол студияда немен айналыстыңдар?
— «Jaka Fashion Studio»-сында дизайнердің өз коллекциясымен қатар, министрлікке арнайы ұлттық киімдер эскиздерін дайындадық.

— Дизайнер болуды кішкентай кезіңнен армандап па едің?
— Кішкентай кезімде кім боларымды анық білмедім, дизайн мамандығына алтыншы сыныптан бастап қызыға бастадым. Бір күні анам мектептегі жиналысқа барғанда сурет пәнінің мұғалімі: балаңыздың таланты бар, оны әрі қарай дамыту үшін оны арнайы оқу орнына беріңіз деп кеңес берді. Содан Т.Жүргенов атындағы колледжге барып едік, байқауға дейін 2 ай ғана қалыпты екен, сол уақыттың ішінде байқауға керекті барлық суреттерді салып шығып, қатысып, грантқа өтіп кеттім. Сондағы байқауға қатысқан балалар еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, бағын сынады. Шыны керек, өтемін деп ойлаған жоқпын.
— Қазіргі жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесіне көңілің тола ма? Сүйікті оқытушыларың бар ма?
— Иә, оқу маған өте қатты ұнайды. Біздің факультетте әрдайым шығармашылық шабыттың желі есіп тұрады. Мұғалімдеріміз де сан түрлі. Танымал архитекторлар да бар, шетелден келіп жатқан мұғалімдер қаншама. Соның ішінде М. Ниязбайұлы деген мұғалімімді ерекше атап өте аламын. Жалпы білімімнің негізін қалап берген сол кісі. Сондай-ақ шетелдік С.М. Майоров атты архитекторды атар едім, бізге байқау кезінде көп нәрселерді үйретеді.

— Шабытты неден іздейсің, қайдан аласың?
— Біз тау жақта тұрамыз. Ол жердің ауасы таза, кең. Тау жақтың тынысы маған шабыт береді. Кеңдік, табиғат – бәрі де сені еріксіз шығармашылыққа итермелейді.
— Жас дизайнерлер қазір кімді үлгі тұтады? Кімге ұқсағысы келеді?
— Көбінесе шетелдік дизайнерлерді үлгі тұтады. Көбісінің кумирі — Шанель.
— Ал өзің ше?
— Мен шетелдік дизайнерлерді аса қабылдай алмаймын. Маған өзіміздің қазақстандық дизайнерлер жаныма жағады. Олардың жұмыстары, коллекциялары өте ұнайды.
— Аттарын атап өтсең?
— Салта, Құралай – ең сүйікті дизайнерлерім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет