Сабақтың тақырыбы: Бөлмедегі жиһздың орналасуы
Балалар бөлмесінің интерьері
Балалар бөлмесі – сәби көп уақытын өткізетін орын. Сондықтан оның интерьеріне аса жауаптылықпен қарау қажет.
Нәресте өмірінің алғашқы жылдарындағы психологиялық, дене және ой қабілетінің дамуы өз бөлмесінен басталады. Яғни, ата-ананың міндеті - бала дамуына қажетті жағдай жасау. Ал мұндай қиын мәселеде мамандардың кеңесіне жүгінген дұрыс. Сонымен, балалар бөлмесі интреьерінде ескеру қажет жағдайлармен таныс болыңыздар.
Жиһаз
Балалар бөлмесіндегі жиһаз міндетті түрде көп функционалды, экологиялық таза, және қауіпсіз болуы шарт. Сонымен қатар, табиғи материалдан жасалған, үшкір ұшы жоқ, фурнитуралары мен өңделуі жоғары сапалы болғаны дұрыс. Балалар бөлмесіне ең ыңғайлысы – модульді жиһаз. Яғни, бөлме интерьері бөлек жиһаз модульдерінен құрастырылады. Және олар бала өскен сайын, жасына сәйкес басқасына оңай ауыстырылады.
Еден мен қабырға
Кішкентай кезінде бала көбіне еденде отырып ойнап, еңбектейді. Сондықтан, оның жылы және ыңғайлы болуын қадағалау қажет. Еден төсемін таңдағанда, осыған назар аударыңыз. Оған қоса, төсем аллергенді болмағаны дұрыс. Балалар бөлмесіне тым қымбат түсқағаз алудың қажеті жоқ. Бастысы, ол экологиялық таза болса, жеткілікті. Ал жасөспірім жастағы бала түсқағазды көбіне плакат және фотосуреттермен жабыстырып тастайды. Кішірек болса, оған суретті өзі салады.
Түс
Балалар бөлмесінің интерьеріне пастельді түстер таңдаған жөн. Ашық қанық түстер тек акцент ретінде ғана орынды болуы мүмкін. Бөлме интерьері бала мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан, оған өз бөлмесі тек қуаныш пен қауіпсіздік сезімін ұялатуы қажет. Кішкентайынан қуанышты, жылы, көңілді атмосферада өскен бала жұмсақ мінезді болады.
№30сабақ 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жоба туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы:Шығармашылық жоба туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:Шығармашылық жоба туралы толықтай мағлұмат беру
Білімділігі:Шығармашылық жоба туралы толықтай мағлұмат бере отырып,оқушылар өз қиялдарына сүйене отырып,белдемшелерге өзгертулер енгізу
Дамытушылығы:Өз бетінше жұмыс жасауға,ой қиялын,зейінін дамыту
Тәрбиелігі:Шыдамдылыққа,ұқыптылыққа,тазалыққа,табандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Ауызша,сөздік
Сабақтың көрнекілігі:Белдемшелер
Құрал жабдықтар:Қарындаш,өшіргіш,сызғыш,калам,бор,ине,жіп,мата
Сабақтың құрылымы:I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Жаңа тақырыпты түсіндіру
III.Сарамандық жұмыс
IV.Сабақты бекіту
V.Үй тапсырмасы
VI.Қорытынды
I.Сәлеметсіздерме оқушылар!
Бүгін сабақта кім жоқ?
Белгілеу
II.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Шығармашылық жоба туралы түсінік.Шығармашылық жоба-өздерің қиялдаған армандаған мақсаттарыңды іске асыруға көмектесетін жолдың бірі.Енді сендер алтыншы сыныпқа дейін алған білімдеріңді,қабілеттеріңді осы шығармашылық жоба арқылы сынап көресіңдер.Оқулықтағы материалдарды алу міндет емес.Сендер жоба жасау үшін өздерің қызығатын кез келген мәселені таңдап алуларыңа болады.Біз бүгін жоба үлгісіне белдемшені алайық.
III.Белдемшені алған себебіміз:Лабораториялық сарамандық жұмыста оның құрастыру жолымен бұрыннан таныссыңдар.Белдемше қыз баланың ең қажетті киім түрлері болып табылады.Қазіргі кезде сән бағытына байланысты mini өте қысқа maxi тым ұзын болып бөлінеді.Неше түрлі белдемшелер сызып ішінен біреуін таңдаймыз.
Тік белдемше:ұзындығы тізеге дейін,сол жақ бүйір тігісінде сырмалы ілгек орналасқан.
Белдігінің ұзындығы түймелік ирек тігін машинасымен өңделген.
IV.Шығармашылық жоба дегеніміз не?
Белдемше нешеге бөлінеді?
V.Белдемшелеріңізді аяқтап келу
VI.Кабинетпен жұмыс орнын жинау
Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |