Сабақтың тақырыбы: Майда тау жыныстары Сабақтың мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі169,41 Kb.
#32430
түріСабақ

Макуова Нуршат Аманкосовна

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы

«Сымбат» жеке мектебі

Ісанатты мұғалім


Сабақтың тақырыбы: Майда тау жыныстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Майда тау жыныстарымен таныстырып,олардың адам өміріндегі маңызын түсінуге баулу.Алған білімдерін жүйелеп,бірлесіп,бір-біріне көмек көрсету арқылы жұмыс жасай білуге қалыптастыру.

Дамытушылығы: Өз ойларын ашық білдіріп,пікірлерін қорғай білуге,шығармашылықтарын арттыруға дағдыландыру.Тапсырма мен сұрақтар арқылы танымдық қабілеттерін анықтау.

Тәрбиелілігі:Табандылыққа,ұқыптылыққа,зеректікке,байқағыштыққа баулу.Қоршаған ортаны қоғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбе беру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау,топтастыру,кесте толтыру,жүргізіп оқу,тәжірибе жасау,тест, «өзін-өзі жетілдіру».

Көрнекілігі: суреттер,сызбалар,сөзжұмбақ,көшпелі тақта,магнитті тақта,тірек схемалар,табиғат бұрышы,т.б.

Түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Қажетті құралдарын түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,сұрау,бағалау.

Үй тапсырмасын бөлімдер бойынша әңгімелеу.

І.бөлім-Тау жыныстары.

ІІ.бөлім-Граниттің ерекшелігі.

ІІІ.бөлім-Құмтастың пайдасы.

ІІІ.Үй тасырмасын қорытындылау.

«Сөзжұмбақ» шешу

1.Құм түйіршіктерінің бірігіп қатуынан пайда болған тау жынысы-құмтас.

2.Жер қыртысының терең қойнауында орналасқан қатты,тығыз тау жынысы-гранит.

3.Гранит қазақша қалай аталады?-түйіршікті.

4.Бидайды ұн қылып тарататын құралды қалай атаймыз?-диірмен.

5.Қазақстанның батысында өндірілетін сұйық тау жынысын ата-мұнай.
ІҮ.Жаңа сабақ.

Ерекше тор көзден «Майда тау жыныстары» деген тақырып ашылады.


1.Мұғалім түсіндірмесі.

Майда тау жыныстары туралы мағлұмат беру.


2.Тәжірибе жасау.

Құм мен саздың су өткізгіштік қасиетін анықтау.


3.Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға жаңа тақырыпты оқыту.


4.Сергіту жаттығуы.

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын.
5.Тақтамен жұмыс
1)Құм мен саздың ұқсастығы неде?Қандай айырмашылықтары бар?

2)Майда тау жыныстарының қасиетін анықтап төмендегі кестені толтыру.

-Тәжірибенің нәтижесін анықтау.
Қосымша құм мен сазды суды өткізгіштік қасиеті туралы түсінік:

«Құм»-Сағыздың жері құмды.Оны нөсер жаңбыр жауғандағы ешқандай балшықтың болмағандығынан білеміз.Жер қабаты суды бойына сіңіреді.

Осыдан құмның суды бойына тез сіңіре білетіндігін аңғардық.

«Саз»-Атырау қаласының жері сазды.Жәй жаңбыр жауса болды,жер балшыққа айналады. Суды бойына сіңіре бермейді.

Осыдан саздың суды бойына баяу сіңіретіндігін көруге болады.
6.Кестені толтыру.

Тау жынысы

Түсі

Қаттылығы

Суда ерігіштігі

Суды қабылдауы

(сіңіруі)

1.Құм

Ақ,қара,сұрғылт

Түйіршікті,қатпайды

ерімейді

Тез сіңіреді

2.Саз

Ақ,қара

Майда,қатады

ериді

Баяу сіңіреді


7.Топтастыру.

Құм мен саз қайда қолданылады?


Құм-кірпіш құяды,әйнек дайындайды,үй,жер сылаймыз,цементке қосып үй құрылысына пайдаланамыз.

Саз-бағалы ыдыс жасайды,саман тас басады,кірпіш құяды,құрылысқа пайдаланамыз.
8.Дәптермен жұмыс.

Тау жыныстарының су өткізгіштік қасиеті:


Құм-суды ьойына тез сіңіреді.(өткізеді)

Саз-суды баяу өткізеді.


9.Тест жұмысы.

Оқушылар берілген сұрақтардың дұрыс жауабын шаблондар арқылы көрсетеді.

1.Ненің түйіршіктері сусып,бір-бірімен байланыспайды?

а) саздың



+ ә) құмның

2. Таза құмнан не дайындайды?

+ а) әйнек

ә) цемент

3. Өте майда тау жынысын ата:

а) гранит



+ ә) саз

4.Құмнан не түзіледі?

а) әктас

+б)құмтас



Ү.Сабақты қорытындылау

«Өзін-өзі жетілдіру»
-Үйден алдын-ала дайындалып келген оқушылардан жаңа сабақ сұралып,қорытындыланады.

-Табиғат бұрышымен таныстыру.



ҮІ .Үйге тапсырма:

а) Мәтінді мазмұндау.



ә) Құм мен сазға «бес жолды» өлең құастыру.

ҮІІ. Бағалау

Макуова Нуршат Аманкосовна

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы

«Сымбат» жеке мектебі

Ісанатты мұғалім


Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер

Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру.



Білімділігі: Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтауға,сауатты жазуға,тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға,дербес жұмыс істеуге,алған білімдерін кеңейтуге үйрету.

Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін және ынтасын арттырып,тілін ұстарту арқылы білім сапасын арттыру.

Тәрбиелілігі:Оқушыларды ұйымшылдыққа,шапшаңдыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын түрлері,қайталау,сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: суреттер,ережелер,тірек схемалар,ребус.

Түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Қажетті құралдарын түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,сұрау,бағалау.

1.жаттығу жұмыстарын тексеру.

2.өтілген материалды пысықтау.


Күрделі сөздер






Сөз тіркестері

Бірікке сөздер




Қос сөздер

Қысқарған сөздер


ІІІ.Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту.



Жаңа сабақ тақырыбы «Ребус» арқылы табу,шешу.

Бір+ішік+кен+с+көз+дер=Біріккен сөздер.

Тасбақа=тас+бақа,Ақбөкен=ақ-бөкен,Түйеқұс=түйе+құс.
Тақтадағы сөздердің мағынасын сұрау арқылы,ережені оқушылардың өздеріне шығарту.
226-жаттығу.

Сөздерді оқы,сөз құрамына талдап,неше түбірден құрылғанын айту.

Сөздер тақтаға ілінеді.Оқушыларға бір-бірлеп оқыту арқылы жаттығу жұмысы ауызша өткізіледі.
Айна/бұлақ,Бота/гөз,ит/мұрын,Талды/қорған.

Ала/көл,Ес/дәулет,қос/аяқ,ақ/бөкен.


227-жаттығу.

Сөйлемдерді оқып,біріккен сөздерді тап.

Үлгі:Қос+құдық....Қара+жол,Ақ-теңіз,көк-жиек,Ай-дос,ақ-қу,Бір-жан,әлде-қалай.(әлдеқалай бұл да біріккен сөз.Жоғары сыныптарда тереңірек мағлұмат аласыздар)

Аққу туралы мағлұмат беріледі.(оқушылардан білетіндері сұралады)

Аққу-әдемі,киелі,сұңқылдаған сұлу үнді құс.Оны атуға болмайды.


228-жаттығу.

Өлеңді әдемі,сауатты,көркем жазу.Біріккен сөздерді тауып астын сызу.

балықтар


Ақ маңдай Алатаудың асқарынан,

Түрленген Тарбағатай тастарынан,

Дәрі үшін даярлайды шипа шөпті

Бурабай,Баянауыл бастарынан.
ІҮ.Сергіту сәті.

«Сен-маға,мен-саға!»ойыны.



229-жаттығу.

Тақтамен жұмыс.Мәтіндегі аң,құс,жәндік,балық аттарын теріп жазу.

Бірікке сөзді жазып,түбірлерін ажырату.
Қара/құйрық Тау/ешкі Көк/серке Көп/қанат


Аңдар

Балықтар

Қар/сақ Ақ/бөке Мүйіз/тұмсық Есек/тұмсық

Жәндіктер


Сары/шұнақ Тас/бақа

230-жаттығу.

Сөздік диктант

Оқушылардың қатесіз,жатқа жазуға дағдыландыру.

Көкжиек,бұзаубас,ақсақал,алтыбақан,Жетіқарақшы.
Ү.Қорытындылау.

«Кім шапшаң?»ойыны.

Әр қатарға бірдей тапсырма беріледі.

І-қатар:Адам аттары.

ІІ-қатар:Жер-су аттары.

ІІІ-қатар:Аң-құс аттары.

Оқушылар екі түбірден келетін,яғни біріккен сөздерді жазады.Қай қатар бұрын болса,сол қатардан тапсырмалары оқытылып,бірікке сөздердің мағынасы түсіндіріледі.


Терме диктант.

Оқушыларға мәтіннен үзінді оқылады.Осы мәтінде қанша біріккен сөз болса,балалар сол санды алдарындағы белгілерімен көрсетеді.Бір оқушыдан сұралады.
Дәулеткерей

Қазақ музыка тарихында Дәулеткерейдің аты күйшілік өнерімен елге кең тараған.Құрманғазы,Тәттімбет,Ықылас аттарымен қатар аталады.
Ережені барлығы бірігіп айтады.(хормен)
ҮІ .Үйге тапсырма:

231-жаттығу.

1. Сөйлемдерді оқып,біріккен сөздерді тауып көшіріп жазу.

2. Ә.Қастеевке бес жолды өлең құрастырып жазу.
Ә.Қастеев туралы түсінік беріледі.Ол кісі атақты суретші.Амангелдінің суретін аса үлкен шеберлікпен,аудырмай салып,туыстарын таң-қалдырған.Юнеско шеңберінде 100 жылдық мерейтойы атап өтілді.

ҮІІ. Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет