«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы.Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Құрмет.Тілге құрмет.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, Қазақстан тарихы.
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы (7 мин)
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. оқушылардың сабаққа толық қатысуын тексеру, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық ахуал орнату. «Жұлдыз жорамал» тренингін ұйымдастырамын.
Орындау шарты: Оқушыларға сары, жасыл, қызыл түсті жұлдызшаларды өз қалауларымен алғызамын. Жұлдызшалардың артында «Бүгін сені сәттілік күтіп тұр», «Ата – анаңа алғыс айтуды ұмытпа», «Досың сенің кеңесіңе зәру» деген сияқты жорамалдар болады. Содан кейін оқушылар жорамалдарды оқып, бір – біріне сәтті күн тілейді, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатады.
ІІІ.Сыныпты топқа бөлу .
Әр түрлі жұлдыздардың түсі арқылы топқа бөлемін.
Топ –«Шешендер»
Топ -«Билер»
Топ - «Жыраулар»
4. Үй тапсырмасы. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастаны бойынша сұрақтарға жауап беру. «Попкорн» әдісі арқылы жүзеге асады.
Орындалу шарты: Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар жылдам орындарынан тұрып сұраққа жауап берулері керек.
Дескриптор: