Сабақ (1)
|
Қазақ әдебиеті
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері
|
Күні:
|
16.09.2022
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Таир А.А
|
Мектеп:
|
Петропавл ОМ
|
Бөлім атауы
|
Атадан қалған асыл сөз
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
Т/Ж: 9.1.2.1. Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;
А/И: 9.2.4.1. Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу;
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушы орындай алады: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздерінің мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді, өзіндік пікір айта алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздеріндегі психологизмді анықтап, талдау жасай алады.
Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: Автор стиліне сүйене отырып, мысал келтіре алады, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жаза алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздеріндегі психологизмді анықтайды, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздерінің мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді, өзіндік пікір айта алады, Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздеріндегі психологизмді анықтап, талдау жасай алады, автор стиліне сүйене отырып, мысал келтіре алады, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жаза алады.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Сайқы – белгісіздеу, дүдөмалдау, түсініксіздеу;
Сауат- 1) діни сөз; мадақ ретінде айтылатын дұға, намаз 2) араб сөзі; бітім, кешірім деген мағынаны білдіреді;
Жақайым- Кіші жүздің бір бөлігі алты ата Әлімнің ішіндегі шекті руының бір тармағы, ру аты;
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Жорықта ту көтерген батырлар . Билік айтқан даналар.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Майқы би мен Мөңке би шамамен қай ғасырларда өмір сүрген?
Майқы бидің есімі қай тарихи тұлғамен қатар аталады?
Майқы бидің нақыл сөздері неге қатысты айтылған?
Мөңке би мұрасының зерттелуіне қандай ғалымдар үлес қосқан?
«Қой асығы демеңіз, қолыңа жақса сақадай, жасы кіші демеңіз, ақылы жақса атадай» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |