Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне,бейімділігіне,қалауына
сүйену керек. Сондай-ақ мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Халықтың сұранысы,қызығушылығы
жойылмаған,кең тараған мамандықтарға дәрігер,мұғалім және құрылысшы мамандықтарын жатқызуға болады.Ал ең өзекті,қажетті мамандықтар қатарына жоғары технология,байланыс,коммуникация,әлеуметтік орта,
экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады.
Қоғамның дамуына байланысты мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілік, еңбек етуге деген сүйіспеншілік,қызығушылық, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болу талап етіледі. Дұрыс таңдалмаған мамандық тек маманды иесіне ғана емес,қоғамға да кері әсерін тигізеді. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар
бар. Осы көп салалы мамандықтарға әрине, таңдау жасау оңай емес.Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті,зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды,бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт!
Мәтін түсініп оқып. «Сұрақтар қобдишасы» әдісі бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
І - топ
1. Ең өзекті, қажетті мамандықтар?
2.Қоғамның дамуына байланысты мамандық иелерінен неге даяр болуды талап қойылады?
3.Мамандық таңдауда ең басты болатын шарттарды атауға болады?
ІІ – топ
1.Мамандық таңдау қандай іс?
2.Әлемде шамамен қанша мамандық түрлері бар?
3.Көп салалы мамандықтарға таңдау жасау оңай ма?
|