Ұзақ мерзімді жоспардың
тарауы: 3-тарау.
|
Мектеп: №1 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернат
|
Күні: 10.03.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні: Жолдасова А.Р.
|
Сынып: 5 «Ә»
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.Т/Ж.2 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
5.Т/Ж.3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
|
Сабақтың мақсаты
|
Әнгіменің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
«Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлердің портретін жинақтап, іс-әрекетіне талдау жасай отырып, образын ашады.
|
Әнгіменің тақырыбы мен идеясын анықтып, ойтұжырым жасайды.
Кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетіне қатысты әңгімеден дәлел келтіреді.
|
Кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетіне қатысты әңгімеден дәлел келтіреді, сын есіммен немесе мақал-мәтелдермен түйіндейді.
Сабақ соңына дейін 5 оқушы кейіпкер бейнесіне еніп, оқушылар қойған сұрақтарға жауап береді.
|
Бағалау критерийі
|
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады.
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын аша алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
Кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетіне қатысты әңгімеден дәлел келтіріп, кейіпкерлер бейнесін ашады.
Кейіпкер бейнесіне еніп, сұрақтарға жауап береді. .
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Директор, дипломат, жасамыс, бұйымтай, контузия, финал.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Туыстық қатынас, балалар үйі, салқын кездесу,
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сендерге қалай әсер етті? Кездесулерінің салқындығының сыры неде?
2. Манап ел жайында, әкесінің қазасы туралы айтқанда Қали неге жайбарақат қабылдады?
3. Қалидың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, арман-қиялдары қандай?
4. Ағалы-інілі екеуінің түбінде түсінісетініне сенесіңдер ме?
|
Құндылықтарға баулу
|
Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. 6-құндылық: Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, қазақ тілі, өзін-өзі тану.
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Оқушылардың әңгіменің тақырыбы, идеясы туралы түсініктері бар.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
2 минут
2 минут
2 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Психалогиялық ахуал туғызу мақсатында «Досыма сыйлық» ширату жаттығуы ұйымдастырылады.
Шеңберге тұрып досыңа берер сыйлығыңды іс-қимыл арқылы сыйлаңыз.
Екінші айналымда не сыйлағаныңды досыңызға сөзбен айтыңыз.
Топқа бөлу: «Құпия сөздер » әдісі
Сыныпты «Аға, іні, бауыр» сөздері жазылған түрлі-түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөлу.
І топ «Аға» ІІ топ «Іні» ІІІ топ «Бауыр»
Оқушылар сабақ тақырыбын айқындау мақсатында Н.Өнербаевтың «Бауырды сағыну» әнін тыңдайды, бейнебаян көреді. Әңгіменің тақырыбымен байланыстыра ойларын айтады.
«Миға шабуыл» әдісі қолданылады
|
Ресурс 1:
«Аға» «Іні» «Бауыр» сөздері жазылған түрлі-түсті стикерлер
Ресурс 2:
You Tube (Н.Өнербаев «Бауырды сағыну»)
|
Сабақтың ортасы
1) 6 минут
2) 8 минут
3) 10 минут
Сабақтың
соңы
6 минут
|
С. Ж. 1-тапсырма. «Серпілген сауалдар» әдісі қолданылады.
Сұрақтарға жауап беру арқылы әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.
1. Не себепті шығарма «Бауыр» деп аталған ?
2. Манаптың балалар үйіне келу себебі?
3. Қали не себепті орысша сөйлейді?
4. Ағайындылар не себепті айырылысып қалған еді?
5. Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сендерге қалай әсер етті? Кездесулерінің салқындығының сыры неде?
6. Ағалы-інілі екеуінің түбінде түсінісетініне сенесіңдер ме?
7. Қали мен Манап сияқты адамдар біздің қоғамымызда бар ма?
Дескриптор:
сұрақтарға толық жауап береді
әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтайды
Қ.Б: Қ.Б: Үш шапалақ
Ж.Ж. 2-тапсырма «Шатасқан оқиғалар» әдісі қолданылады.
Шығарманың оқиғасын рет-ретімен көрсетіңіз. Оқиғаны реттілігін сақтай отырып баяндаңыз. Тақырып бойынша ой тұжырым жасаңыз.
Сюжеті
|
Реті
|
Қалидың уақытты сұрап, жаттығуға аттануы
|
|
Манаптың есік сарт жабылғанда есін жиюы. Биік баспалдақтың бос қалуы.
|
|
Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі,директормен әңгіме
|
|
Манап пен Қалидың арасындағы салқындық, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы
|
| |